Өндірістік оқыту сабағында инновациялық әдістерді қолдану

Бұл мақалада техникалық колледждердің өндірістік оқыту сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану тиімді әдістердәң бірі екені айтылады. Тәжірибе көрсеткендей инновациялық технологиялар студенттердің мамандыққа қызығушылығын арттырып, болашаққа жау

Автор: Сакенова Жанат Даулетовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №4 (6)

Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев «Қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-зкономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру – біздің басты мақсатымыз»-деп тұжырым жасады. Білім беру жүйесінің маңызды саласы – мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау, қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру. Білім нарығында бәсекелестікке қабілетті болу үшін, кез келген білім ордасы, оқытушы өз алдында айқын мақсаттар мен қол жетімді міндеттер қоюы тиіс. «Бүгінгі жас маман-ертеңгі бас маман», болашақ жастардың қолында. Тәрбиелеуде мен өз алдыма мынадай мақсатты бағыттап отырмын: «Жаңа заман ағымына сай, білімі мен біліктілігін шыңдай білетін, бәсекеге қабілетті, жан-жақты, заманауи техника мен технологияны меңгере білетін тұлғаны қалыптастыру». Бүгінгі таңда колледждерде оқу-тәрбие үрдісіне түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Жаңа технологияның әдістерін оқып-үйрену негізінің мақсаты: жаңа технологияны оқып-үйрену, меңгеру арқылы оқытушы мен өндірістік оқыту шебері интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмек көрсету. Жаңа заманға жаңаша маман қажет болғандықтан, кәсіптік білім беру оқу орындарында қызмет жасайтын әрбір оқытушы мен өндірістік оқыту шеберінің міндеті – білікті, білімді, толыққанды қалыптасқан маман даярлау. Кәсіптік білім саласындағы инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, тереңдетуге, технологияны енгізуге, пайдалануға, шығармашылықпен жұмыс жүргізуге бағытталған. «Инновация» сөзі латын тілінен аударғанда «жаңалықты ендіру» деген мағнаны білдіреді. Ал инновациялық оқыту дегеніміз – жаңалықты, оны игеру және өмірге енгізу. «технология» деген сөз грек тілінен алғанда «техне» - өнер, кәсіп, ғылым, «лагос» ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді. Яғни, өндірістік процестерді жүргізудің тәсілдері мен құралдары жайындағы білімдердің жиынтығы. Инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге ондағы идеяларды, процестерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі. Инновациялық технологияларды пайдалану – өмір талабы. Инновациялық технологияны жаңа білім беру парадигмасын өмірде жүзеге асырудың құралы ретінде қарастырған жөн. Оқытудың жаңа ұтымды технологияларын пайдалану әр студентті тұлға болып қалыптастырудың, дамытудың құралы. Студенттердің білім сапасын арттыруға, өздігінен ізденуге, ой-санасының дамуына мүмкіндік береді. Инновациялық технологияларды студенттердің жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Оның тиімділігі – әдіс-тәсіл, амалдарын ұтымды таңдау арқылы студенттің сезіміне, ынта-ықыласына әсер ету және қызығушылықтарын арттыру. Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған кәсіптік білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру. Осы орайда өз іс-тәжірибемде сабақ беру үрдісінде мынандай мақсатқа қол жеткізуге тырысамын: студенттердің шығармашылық қызметін дамыту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету, топтаса жұмыс жүргізе білу, студенттің ой-өрісін, қиялын дамыту. Сабаққа қойылатын талаптар студенттерден үлкен шеберлікті талап етеді. Ең бірінші студенттерге өндірістік оқыту шеберханасында салауатты да қауіпсіз еңбек етуіне жағдай туғызу және студенттерді тәжірибелік тұрғыда дайындау. Еңбек қауіпсізідігі – бұл заңдылық жүйе. Практикалық сабақты оқу барысында студенттер еңбекті қорғау жөніндегі зиянды және қауіпті өндірістік факторларды, олардың адам ағзасына әсерін, олардан қорғану әдістерін, құрал-саймандармен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, өндіріс үрдістер қауіпсіздігін бағалау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді оңтайлы шешімдерді өз бетінше қабылдай білу керек. Өндірістік оқыту шеберінің мамандық шеңберіндегі білімі мен біліктілігі жалпы білімпаздығы, жүріс-тұрысы мәнері, әдеті, алғырлығы, жан дүниесі мен кескін келбеті, сенімділігі, сабырлылығы мен ақылдылығы, шыншылдығы мен қажырлығы студенттерді өзіне тартып тұрады. Студенттер еңбегін ұштастыра отырып, шебер өз жұмысын дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Студенттерге өндірістік озат тәжірибесін үйретемін деген шебер ол туралы біліп қана қоймай, іс-жүзінде орындауы қажет. Кәсіптік мамандықтарды дайындау іс тәжірибесі жалпы сылақ жұмысынан басталады. Сылақ жұмысын қолмен де, механикаландырылған түрде орындауға болады. Сылақ жұмысының басты мақсаты – қабырға беттеріне немесе төбеге ерітінді жағып, тегістеу. Сылақ жұмыстарының сапалы орындалуы студенттің шеберлігіне, қолданатын аспабына және қолданатын материалдарға байланысты. Қабырға беттеріне сылақ жасау практикалық жұмыстарын орындауда өндірістік оқытуды сын тұрғысынан ойлау бағдарламасымен жүргізіп, студенттермен бірлескен әрекетімізде үйретуіміздің тиімді де оңай жолдарын анықтау, маңызды жағдайларды шеберлікпен шеше білу, өз ойларын сыни тұрғыда ойлауға қалыптастыруға, өз білімдерін бағалауға, ұжым болып жұмыс жүргізе білуге қол жеткіздім. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасына мынандай мақсаттар қойдым: - студенттерді ойландыруға; - өз ойларын ашық айтуға; - дұрыс сөйлей білуге; - өз бетімен ізденіп, жұмыс істеуге; - шығармашылығын дамытуға. Осы мақсатпен топпен жұмыс істей отырып, ойлау мен сөйлеу қабілеттері әртүрлі студенттердің өздері ізденіп, топқа өз үлесін қосуға тырысатынын, өз ойларын ашық айтуға бейімделгендерін байқадым. Сонымен қатар, бұл әдісті қолдануда студенттердің қызығушылығы оянады, мағынаны ажыратады, ой толғанысын қалыптастырады. Қызығушылықты оятуда студент қарастырғалы отырған тақырыптан не біледі, не айта алады, оның бұрыннан білетінін еске түсіру, ой қозғап, әсер етуі орын алады. Мағынаны ажырату – нақты тақырыбы мен сұрақ-жауап арқылы өз беттерімен ойларын айтуға, тапсырманы орындауға бағыттаймын. Ой толғанысында студент не үйренгенін, не ұққанын тұжырымдайды. Практикалық сабақ өткізгенде, мынандай әдістерді қолданамын: студенттердің шығармашылығын дамыту, өз беттерінше орындауға тапсырмалар беру, өз беттерінше жұмыс істеу белсенділігін арттыру, студенттермен жекелей, жұппен, топпен жұмыстар жүргізу, қабілеттеріне қарай тапсырманы қиындатып беру. Өйткені, бұл студенттің пайымдай білетіндігін, олардың өткен материалдарды қаншалықты жақсы меңгергендігін анықтауға мүмкіндік береді. Өз тәжірибемде, студенттердің жауап беру мүмкіндігі мен өз бетінше жұмыс жасауына, іздену дағдысын ескере отырып, бағалаймын және жауап бергендердің бағаларына салыстырмалы сипаттама беремін. Олардың білімін қосымша тапсырмалар беру арқылы анықтаймын. Студенттердің қабілеті мен қабылдау және меңгеру деңгейіне қарай практикалық білімін сараптау деңгейі праметр бойнша жүргізіледі: 1. Еңбек және қауіпсіздік техникасын білуі 2. Тақырыпты қабылдау дәрежесі 3. Қолданатын құрал-жабдықтарды білуі 4. Практикалық жұмысты орындау дәрежесі 5. Ойлау қабілеті 6. Жаңа тақырыпты меңгеру қабілеті. Осы параметр бойынша жүргізілген практикалық сабақ барысында студент не көрді, нені бақылады, қандай нәтиже алынғандығы жөнінде әңгімелеп, өз ойларын айтады. Біріншіден, студенттердің еңбек және қауіпсіздік техникасын білуі, сылақ жұмыстарын механикалық тұрғыда жасағанда жарақаттанып қалмау үшін қауіпсіздік техникасын қатаң сақтаудың негізгі ережелерін, өндірістік жарақат алудың себептерін жан-жақты талдап, оқыту шеберханасында қауіпсіздік техникасының жағдайын барынша объективті түрде бақылауға және болдырмау шараларын жасауға мүмкіндік береді. Тақырыпты қабылдау дәрежесі барысында студенттің өздігінен ізденуі, логикалық ойлануы дамиды, мамндығына деген танымдық құлшынысы оянады. Өндірістік оқыту сабағында студенттердің қолданатын құрал-жабдықтарды ажырата білуі әр берілген практикалық жұмыстарға сай қолданып, дұрыс пайдалануы тапсырмаларды нақты, дәл орындау дағдасын қалыптастырады. Практикалық жұмысты орындау дәрежесінде студенттердің мамандығына деген қызығушылығы артып, шығармашылық ізденістері шыңдалғаны, ұйымшылдық көрсеткіштері жоғарлағаны байқалады. Ойлау қабілетіне өткен тақырыпты нақтылап, жүйелі түрде талқылай біледі. Жаңа тақырыпты меңгеру қабілеті өздігінен жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады. Осындай тәжірибелер арқылы студенттердің білімі мен дағдаларын, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденесін бақылау арқылы біршама нәтижеге қол жеткізуге болады. Қорыта айтқанда, студенттердің кәсіби мамандықты игеріп, өз бетімен білім алу, шығармашылык қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, өз білімін жетілдіру, ойлау қабілетін шыңдау – қазіргі заман талабы. Әдебиеттер тізімі 1. Кәсіптік мектеп журнал № 6 2012 ж. 2. Өндірістік оқыту шебері 3. Есекеев Ж. К. (әдістемелік құрал)