Балабақшада өзге ұлт өкілдерінің балаларына қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары

Қазақстандық патриотизмнің негізін қалаушы – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Мемлекеттік тілді құрметтеу және өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынасты нығайту – Қазақстандағы ұлтаралық келісім кепілі. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін үйретуде баланың ерте жастан тілдік және логикалық дағдыларын дамыту өте маңызды.

Автор: Жармагамбетова Лаура Уахитовна

Современные инновации в образовании

Фрагмент для ознакомления

Қазақстандық патриотизмнің негізін қалаушы – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Мемлекеттік тілді құрметтеу және өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынасты нығайту – Қазақстандағы ұлтаралық келісім кепілі. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін үйретуде баланың ерте жастан тілдік және логикалық дағдыларын дамыту өте маңызды. Тіл ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлығы, баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар бұлағы. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрі, сана сезімі, ойлау тәсілі, мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру - баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Тілді өркендетуді балабақшадан бастау керек. Кішкентай бүлдіршіндерге балабақша қабырғасынан бастап тіл үйренудің маңызы зор. Әсіресе өзге ұлт өкілдерінің балаларын екінші тілге үйрету күрделі жұмыс. Қазақ тілінде сөйлеуде балалардың тілі тез даму үшін оны қоршаған адамдар да осы тілде сөйлесіп араласуы қажет. Мектеп жасына дейінгі балалар көрген-білгендерін қарапайым түрде әңгімелейді немесе көмекші сұраққа бір сөзбен жауап береді. Осы жерде туындайтын басты мәселе • Қарым-қатынас жасайтын ортанын жетіспеуі, қазақ тілінде сөздік қорының аздығы, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта алмауы • Қойған сұрақты түсінбеу, қазақша дұрыс жауап бере алмауы, үйренген сөздерді пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы • Қазақ ертегілерін, тақтақтарды, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды тыңдап, түсініп жаттай алмауы Сондықтан олардың қиялына қанат бітіріп, ойлау, таным, қабілеттерін жетілдіру, шешендікке, тапқырлыққа баулу үшін жаңа оқу технологияларын пайдалану қажет.. Жалпы жаңа педагогикалық технологиялар баланың жеке тұлғалық дамуын арттырып, шығармашылық қабілетін шыңдауға басты рөл атқарады. Баланың жан-жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықта жұмыс істеуге бейімделуіне, топта, жұпта жұмыс істей алу қажеттілігіне жетелейтін бірден-бір тиімді әдіс-тәсілі. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Балабақшадағы өзге ұлт өкілдерінің балаларының қазақ тілін меңгеруге қойылатын басты мақсат: • Басқа ұлт өкілдерінің балалардың қазақ тіліндегі сөздік қорын дамыту, қазақ тілінде сөйлесе білуге үйрету. • Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға үйрету. • Диалог түрінде сөйлесу дағдыларын дамыту. • Сабақта өтілген сөздерді пайдаланып, сөйлемді дұрыс құрастыруға жаттықтыру, мазмұнын түсініп, айтуға үйрету. • Ұсынылған ойын-тапсырмаларды дұрыс орындау, не істегені туралы айтып беруге үйрету. • Байланыстырып сөйлеуге, шығармашылыққа (өздігінен 4-5 сөйлемдік) әңгіме құрастыруға үйрету. Қысқа өлең, тақпақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштар жаттап айтуға үйрету. • Балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейту. Зейін, сезімін қабылдау әрекеттерін дамыту. • Қазақ тілінде сөйлесуге, тілді құрметтеуге, сүйіспеншілікке, достыққа, жолдастыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. • Қоршаған ортадан, табиғаттан, күнделікті өмірде көрген-білгенін қазақша айтуға дағдыландыру. • Қазақ ертегілерін, әңгімелерді тыңдап түсінуге, мұғалімнің жетекші сұрағына тірек сызбаларға сүйеніп әңгімелеуге үйрету. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Сабақта әр түрлі технологияларды қолданады. Қазіргі таңда инновациялық технологиялардың көптеген түрлері бар. Атап айтсақ сын тұрғысынан ойлау, тірек – сызба технологиясы, дамыта оқыту, деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы, ойын технологиясы және т. б. Сол технологияның бірі - ойын арқылы оқыту технологиясы. Оқу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни оқу іс-ірекеттің кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланамын. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан- жақты тұлға дамиды. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады. Ойындардың түрлері: • Дидақтикалық ойындар • Театрландырылған сюжеттік ойындар • Қимылды ойындар • Ұлттық ойындар • Логикалық ойындар • Рөлдік ойындар • Фонетикалық ойындар • Зияткерлік ойындар Қазақ тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі- ауызша сөйлеу. Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор. Ойын-балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеседі. Балалар белсене жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады. Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыру үшін қажет. Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі таңдап алған жөн. Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады. Сюжетті -рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс. Қазақ тілін сабақтарында тетрландырылған сюжеттік ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді. Өз тәжірибемде жиі қолданатын жаңа инновациялық технологияның бірі - деңгейлеп оқыту технологиясы баланың жеке мүмкіндігіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған. Деңгейлеп оқыту технологиясында баланың жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып, жеңілден ауырына қарай деген принципті қолданып, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал етіледі. Деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі сатылары мыналар: 1. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 2. Төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру; 3. Балалардың тақырыптан алған білімдерін бекіту. 4. Балалардың білімін бағалау. Мақсаты: 1. Әр баланы оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту. 2. Деңгейі төмен балалармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету; 3. Дарынды баланың тереңірек білім алуына жағдай жасау; 4. Баланың ынтасын, қабілетін арттыру. 5. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында жағымды эмоция сезімдерімен қанықтыра алу; Топтағы балалардың деңгейлері әртүрлі болғандықтан тапсырмаларды да деңгейлеріне қарай беру арқылы оларға тіл үйретуде елеулі жетістіктерге жетуге болады. Мектепке дейінгі дайындық топтарындағы деңгейі төмен балаларға тақырыпқа сәйкес естиярлар немесе ересектер тобындағы балаларға арналған тапсырмаларды беріп, орындалған соң деңгейі жоғары балалармен бірдей бағалап, мадақтаған жөн. Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары: - баланың пәнге деген жеке қызығушылығын оятады; - танымдық қабілеттілігін қалыптастырады; - баланы шығармашылық жұмысқа баулиды; - мұғалімнің уақытын үнемдейді; - қосымша мәліметтер береді. Жаңа технологияларды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде қолданудың тиімді технологиялардың бірі – “Сын тұрғысынан ойлау” (СТО) технологиясы. Мұнда әр баланың ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады, бала өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда балаға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға бала шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. Ұйымдастырылған oқу іс-әрекетінің қай құрылымында бoлмасын мұғалім “Сен не ұқтың?”, “Сен нені білгің келеді?” және «Сен неге бұлай ойлайсың?» деген сұрақтарды балалардан сұрап oтырғаны абзал. Coнымен бірге өз тәжірибемде жиі қолданылатын инновациялық технологияның тағы бір түрі- Эйлер Венн диаграммасы. “Венн” диаграммасын қолдану арқылы заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Мектепке дейінгі даярлық топтарында өтілген тақырыптарды қорытындылау кезінде осы технологияны пайдалану тиімді. Мысалы: «Жемістер» және «Көкөністер» тақырыптарын бекітуде мұғалім балалардан алма мен қызанақтың ұқсастығын мен айырмашылығын табуды сұрайды. Балалар олардың ұқсастығы - пішіні, түстері екендігін айтса, ал айырмашылығы – өсетін орны, дәмдері, біреуі -жеміс, екіншісі- көкөніс деп жауап береді. Тағы өте кеңінен тараған ең тиімді әдістерінің бірі ТРИЗ. Бұл әдіс бойынша баланың шығармашылық қиялын, ойын, тілін дамыту үшін бала көп сөйлеу керек, өз ой-пікірін толық айтуы тиіс. Бұл әдіске қысқаша тоқталатын болсам: – балалардың логикалық және абстракты oйлау қабілетін, қиялын дамытып қана қоймайды, oларды зейін қоюға үйретеді. - балаларға өз пікірлерін айтуға, оны дәлелдеуге, балаларды басқа біреуді тыңдай білуге, басқа адамға баға беруге үйретеді. Балалармен жұмыс жасаудағы осы технологияның негізгі құралы педагогикалық ізденіс болып табылады. Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Қорыта айтқанда инновациялық технологиялар оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға, басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технoлoгияларды қолдану оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, баланың тіл үйренуге қызығушылығын арттырады. Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1. Қaзақстан республикaсы Мемлекеттік білім беру тұжырымдамасы 2. Мемлекеттік жалпыға міндетті 5-тен 6-жaсқа дейінгі мектепалды дайындық жастағы бaлаларға білім беру стандарты. Астaна, 2007ж. 3. Б. Баймұратова, З. Д. Еденбаева. Изучаем казахский язык. Күншуақ. 5-6 жастағы балaлар үшін. Әдістемелік нұсқaу. Алматы-кітап, 2005ж. 4. А. Бақраденова, Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту, Оқу әдістемелік құралы, Павлодар 2012ж. [1, 5 б. ].