Кейіпкерлерді сипаттаймын. Юю дыбысы мен әрпі

Әдіс тәсілдер: “Дыбыс және әріп” тақырыбына кластер“Айна” ойыны, “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісімен бағалау, “Сюжетті сурет» Көрініс: “Кім жеңімпаз” ж Әдіс тәсілдер: “Дыбыс және әріп” тақырыбына кластер“Айна” ойыны, “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісімен бағалау, “Сюжетті сурет» ,көрініс“Кім жеңімпаз”,“Сәлемдесу” ойыны,“Жетістік баспалдағы” жұмыс”

Автор: Абилгазина Гульбакыт Нусипбековна

Журнал «Просвещение». Выпуск №4 (6)

Фрагмент для ознакомления

Оқу мақсаты: 1. 2. 9. 2. Дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ю,я қосарлы дыбыстарды) және дұрыс оқу. 1. 2. 1. 2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану. 1. 2. 5. 1. Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен) 1. 1. 6. 1. Сөйлеу барысында сипаттау салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл, дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті) қолдану. 1. 1. 4. 1. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау. 1. 3. 8. 1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады. Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: Дыбыстарды ажыратып, әріппен сәйкестендіреді. Берілген сөздермен мәтінді буындап, тұтас оқи алады. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады. Сөздің буыннан тұратынын түсініп, сөздегі буын санын анықтай алады. Оқушылардың көбі: Сюжетті сурет бойынша сөйлем құрайды. Мұғалімнің көмегімен мәтін мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжайды. Қойылған сұрақтардың жауабын тауып, қорытып, кері байланыс жасай алады. Оқушылардың кейбіреуі: Сөйлеу барысында сипаттау, салыстыру сөздерін вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл) дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолданады. Тілдік мақсаты: Оқушылар дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін талқылайды. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: дыбыс, әріп, пікірлесу, ой бөлісу. Пән аралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын тілі, дүние тану, көркем еңбек пәні Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ Алдыңғы білім: 1-2 тоқсанда алған білімдеріне негізделіп меңгертіледі. Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Дереккөздер Сабақтың басы: 3 минут 1 мин Психологиялық ахуал: Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен. Амандасып алайық Бір жадырап қалайық! -Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүрек жылуын білдірген қандай тамаша! -Бәрімізге сәттілік тілеймін! “Дыбыс және әріп” тақырыбына кластер жасау Шаттық шеңбері Интербелсенді тақтада Ұжымдық Сабақтың ортасы 8 мин -Балалар, енді назарларыңды экранға бұрыңдар “Маша мен аю” мультфильмінен үзінді көрсету -Балалар, біз қандай мультфильм көрдік. -Ондағы кейіпкерлерді атаңдар. Аю сөзін үш тілде айтып жіберейік. Аю – медведь- bear -Аю сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс бар? -Ендеше, жаныңдағы жұбыңа қарап, “Айна” ойынын ойнайық. -Ю-ды дыбыстату -Ю қандай дыбыс екен? (Дауысты) -Оны қалай ажыраттың? -Кедергісіз, созылып айтылады, өз алдына буын құрай алады. И+У-дың қосарлануы арқылы жасалады. Қосарланып айтылғанымен, Ю деп бір ғана әріп жазылады. -Сонымен Ю қандай дыбыс, үш тілде айтып қайталап жіберейік. -Дауысты дыбыс –гласный звук – vowel -Барлығымыз оқулықты ашыңдар топпен жұмыс жасаймыз. I топ II топ III топ Сөзді буынға бөліп жазады, оқиды, дыбыстық талдау жасаймыз “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісімен бағалау. Интернеттен мультфильм көрсету Үш тілде хормен айтқызу Үш тілде хормен айтқызу Топтық жұмыс Ламинатталған қағаз Сергіту сәті 3 мин 3 мин Сергіту сәті Соңы Қызықты тапсырма “Сәлемдесу” ойыны. -Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз. Қимылды тез жасау керек. “Бастаймыз” деген белгі бергенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасыңдар. -Сонымен көзбен, қолмен, иықпен, құлақпен, иекпен, тіземен, өкшемен. “Сюжетті суретпен жұмыс” І-Суреттен қандай аңдарды көріп тұрсыңдар? ІІ-Ауа райы өзгерген кезде жан-жануарларда қандай өзгеріс болады? ІІІ-Суреттегі кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап, не айта аласың? Мәтінмен жұмыс Әр топтан бір-бір оқушыдан оқып шығады. І-Мәтін саған ұнады ма? ІІ-Әсіресе саған не ұнады немесе ұнамады? ІІІ-Аю қалай озып кетті? Көрініс: “Кім жеңімпаз” Аю, түлкі, қасқыр, аралар. Жеңімпаздарды марапаттау. “Бас бармақ” әдісімен бағалау. Дәптермен жұмыс 1) Ю әрпін ауада жазу 2) Тақтада жазу 3) Дәптерге жазу -Балалар, біздің тарауымыз салт-дәстүрге байланысты болғандықтан, біздің қазақ екенімізді білдіретін ұлттық нақышымыз, ою-өрнекке байланысты. - Олай болса, қазақтың ұлттық символы- ою-өрнекті моделдейміз. - Оюды біз қайдан көреміз? - Оюды оютын адамды кім дейміз? - Ұлттық бұйымдарды әшекейлейміз. І топ Сандықты ІІ топ Кілемді ІІІ топ Киіз үйді әшекейлейді. Қима қағаз бойынша топта ақылдасып, жауап береді Топпен жұмыс Іс-әрекет арқылы көрсету аңдардың маскасы Стикермен бағалау Топтық жұмыс Аппликация оюдың Постер жасап, қорғау. Міне, балалар, қазақ халқының салт-дәстүрін ұмытпай жалғастыруға осылай өз үлесімізді қосып жүрейік -Сонымен Ю қандай дыбыс? -Аю, ою сөзін буынға бөл, дыбыстық талдау жаса Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс денсаулық пен қауіпсіздік АКТ Құндылықтар Бақылау Сабақтың мақсатына жеттім бе? “Жетістік баспалдағы” бойынша өздерін бағалату Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері: 1. 2. Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт: 1. 2. Осы сабақтан келесі сабақты өткізіге септігін тигізетін сынып және жеке оқушы жайлы не білдім?