Тыңдалым – тіл үйретудің негізі

Мақалада тыңдалым әрекетін меңгертудің тиімді жолдары жөнінде айтылады. Жұмыс түрлері қызықты болған жағдайда тыңдалым дағдысы өзге тілді аудиторияларда тез қалыптасып, оқушылардың тілдік қарым – қатынасқа түсу мүмкіндігі артады. Тыңдалым әрекетін меңгерту арқылы оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін арттыруға болады. Сабақ үрдісінде мәтіндермен жұмыс жиі жүргізілетіндіктен мәтіндегі ақпараттарға оқушылардың қызығушылығын туғызуда тілдік ойындарының алатын орны ерекше. Тыңдалым дағдыларын дамытуда жаттығулар жүйесі мәтіннің мазмұнын ұғынуға, оны сөйлеу үдерісінде қолдана білуге жетелейді.

Авторы: Алмагамбетова Бакыткул Абдихамитовна, Турсымбаева Калида Карабаевна

Журнал «Просвещение». Выпуск №4(24)