С. Мұқанов «Есіл»

Оқушының өзіндік ой қиялына ерік бере отырып,өзінше ой түюге баулу,шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін,тілдік қорын дамыту

Автор: Утепбергенова Раушан Шершатовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №4 (6)

Фрагмент для ознакомления

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Ұлттық әдебиетіміздің негізін салушы қаламгерлердің бірі - Сәбит Мұқановтың шығармашылығы жайында мағұлмат беру, қаламгердің Есіл өлкесінің табиғатын танытудағы сөз қолдану ерекшелігін,суреттеу шеберлігін жергілікті жердің табиғат көріністерімен салыстыра меңгерту. 2. Дамытушылық: Оқушының өзіндік ой қиялына ерік бере отырып,өзінше ой түюге баулу,шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін,тілдік қорын дамыту. 3. Тәрбиелік: жазушы өмірін өнеге ете отырып,туған жердің табиғатын сүюге және құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы Сабақтың әдістемелігі: баяндау,мәнерлеп оқу. Сабақтың көрнекілігі: С. Мұқановтың суреті Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық) 2. Оқушыларды ортаға шақырып топтарға бөлемін. Балалар біз «мәтіннің мазмұны» бойынша топқа бөлінеміз. Сол себепті мына партадағы суреттерді аламыз. Әр топ басшыларын сайлайды. 1-топ Табиғат тобы 2-топ Жемістер 3-топ Есіл өзені 4-топ Құстар 2. «Серпілген сұрақтар» (үй тапсырмасы-топтар кезектесіп жауап береді) -Оралхан Бөкей туралы не білесіңдер? - слайд -1 -Оралхан Бөкей (1943-1993) Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. Бұл кісі жазушы, драматург,журналист. Қазақстан Республика- сының мемлекеттік сыйлығының лауреаты. -Бархан мен қызыл құм не жайында сөйлесті? - Ақ құсың қайда? (Жамбыл келіп түні бойы машинаның жарығымен аулап құртқан) -Баяғыдай неге көшпейсің? -Көше бергеннен не пайда? -Адамдар үшін жалғыз жұтым суыңды неге қимайсың? -Қазған сайын қаша бересің? 3. «Құм мінезі» оқушылардан түсінігін әңгімелеуі. 4 топтан бір-бір оқушыдан сұрап шығамын. 1-топ: Қазір адамдардан су ғана емес, табиғаттың орман тоғайы аң құсы бәрі-бәрі қашып барады. 2-топ: Бархан мен бөліскен қызыл құмның ренішімен бөлісуі. 3-топ: Қызыл құм. 4-топ: Бархан сәлеметсіз бе? Слайд-2. «Есіл ағады» музыкасы естіліп тұрады. «МузАРТ» тобының орындауындағы «Есіл ағады» әнін естиміз. 4. Жаңа сабақ: слайд-3 Сәбит Мұқанов (1900-1973) - қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі,халық жазушысы. Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы,С. Мұқанов атындағы ауылда бұрынғы Жаманшұбарда туып өскен. Жазушы «Сұлушаш» дастанын, «Адасқандар», «Мөлдір махаббат», «Өмір мектебі» Шоқан өмірінен «Аққан жұлдыз» романдарын жазған. 14-15 жасынан өлең-жырды ауызша да, жазып та шығара бастаған. Сәбит Мұқанұлы Мұқанов – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСРО-ның ғылым академиясының академигі. Слайд-4 «Есіл өзені» картадан көрсетемін. Қазақстанның Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен Омбы облыстары жерімен ағады. Бастауын Сарыарқадағы Нияз тауының етегінен алады 560м биіктіктен. Ертіс өзенінің солтүстік жағынан құяды. Бұл мәтінде НЕсіл даласының табиғат көріністерін аса көркем тілмен суреттейді. Туған жерге арналған әннің шығу тегін сыр ғып баяндайды. Есіл даласынң сумаңдай аққан сағымы,бой жеткен сұлудай сылана жайқалған қалың шалғыны,жылдың өзге мезгілінде жортуылын жиілетіп, шілдеде баяу есетін желі,хош иісі бар балбыраған жеміс-жидегі,қас пен көздің арасында мың құлпырып,кемеліне келіп толықсып тұрған тоғай әсем де көркем бейнеленген. Құлағыңды қытықтайтын тамаша ән-күйін де керемет суреттейді. Жазушы Есіл өлкесінің пейзаждық энциклапедиясын жасағандай. Осындай әсем көріністер көз алдында елестеп,хош иісі мұрныңды қытықтағандай,құстардың даусы құлаңына естідгендей сезінесің. Ендеше,балалар, үзіндіні мәнерлеп оқи отырып осы тамаша көріністерді бізде сезінейік. 5. Мәтін бойынша әр топқа бөліп беремін. Өздері оқушылар оқиды. (3мин) 6. Слайд-5 «Керек дерек» әдісі - Балалар, сөздік жұмысына мән беріп қарайық: Кемеліне келу - толысып өсу Шұға - жібек мата 7. Топтық жұмыс: 1-топ Табиғат → Есіл жағасының табиғаты 2-топ Жемістер → Есіл туралы теңеулер 3-топ Есіл өзені → Есіл ағысы 4-топ Құстар → Есіл өлкесі Әр топ топтарының атына байланысты өз ойларын,түсініктерін сурет арқылы білдіреді және оны қорғайды. 8. Слайд-6: «Көңілді күн» сергіту сәті: 9. Семантикалық картамен жұмыс 1. Есілдің картадағы орнын анықта (басталуы, қай облыс жерімен ағады) 2. Тоғай ағаштарын сипатымен қоса теріп жазу,құстары мен жануарларын сипатымен қоса теріп жазу. 10. Бағалау. Топтар өздерінің жауаптары дұрыс па өздері бір-бірін бағалайды: «Бармақ» әдісі 1-топ-2топқа, 2-топ-3-топқа,3-топ-4топқа,4топ-1топқа Үйге тапсырма беру: «Есіл» оқып түсінігін айту.