Тілдік тәрбие және сананың жаңғыруы

ҚР тұңғыш Президентінің "Болашаққа бағдар рухани жаңғыру" Бағдарламалық мақаласындағы басты көтерілген мәселе - ұлттық сананың жаңғыруы. Мақалада сананы жаңғыртудың басты құралдарының бірі ретіндегі тілдің тәрбие мәселесі талданады. Оның ішінде тіл тазалығы, сауаттылық, алынған және меңгерген білімдерін қолдана білу мәселелері жалпы білім беру саласында және біздің оқу орнымыздағы оқытылатын нақты пәндер негізінде қарастырылады. Сонымен қатар, тілдің, оның ішінде - қазақ тілінің халқымыздың өзіндік болмысын көрсететін " Ұлттық кодтың" басты элементі екендігі туралы қорытынды жасалады.

Авторы: Алдашева Гульнара Бисембаевна, Шәмші Бауыржан Исаұлы

Журнал «Просвещение». Выпуск №5(25)