"Механикалық жұмыс. Қуат" тақырыбындағы сабақ жоспары

Жаңартылған білім аясында 7 сыныпқа құрылған сабақ жоспары.Сабақта жаңа әдістер қолданылды.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған.

Автор: Дуимбаева Арайлым Сериковна

Журнал «Просвещение». Выпуск №4 (6)

Фрагмент для ознакомления

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 7. 2. 3. 8 – механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану Сабақтың мақсаты 1. Барлық оқушылар орындай алады. Күнделікті өмірде есеп шығару барысында механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын қолдана біледі. 2. Оқушылардың көпшілігі орындай алады. Тақырып бойынша формулаларды пайдаланып, есептер шығарады. 3. Кейбір оқушылар орындай алады. Өткен тақырып бойынша толық талдау жасап практикалық тұрғыда пайдаланады, сапалы есептер шығарады, өрнектерді түрлендіреді. Бағалау критерийі Білім алушы Есептің берілгенің жаза алады; ХБЖ-ға айналдыра алады; Есептерді шешуде қуат және жұмыс формулаларын қолдана алады. Тілдік мақсаттар Оқушылар: жұмыстың қуаттың анықтамасын, формуласын ауызша және жазбаша айта алады. Ең қуатты тасымалдау әдісі туралы өз пікірлерін береді және негіздей алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: жұмыс, күш, қуат, Джоуль, Ватт, мегаджоуль, килоджоуль, мегаватт, киловатт, киловатт*сағат Құндылықтарға баулу Жалпыға бірдей еңбек қоғамына баулу барысында жауапкершілігі, өз білімін өмір бойы жетілдіруі, шығармашылық сыни тұрғысынан ойлауы артады. Пәнаралық байланыс Математика Алдыңғы білім Механикалық жұмыс және қуат анықтамасын, формуласын біліп мысалдар келтіре алады. Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы 10мин. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сыныпты ұйымдастыру. (Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу, сынып тазалығына назар аудару) 2. Сынып оқушылары «Қуат», «Жұмыс», «Уақыт» сөздеріне берілген шамалар атаулары арқылы, өлшем бірліктері,таңбасы арқылы топтасып үш топқа бөлінеді. Бағалау парағы үйлестіріледі. Үй тапсырмасы «Иә», «Жоқ» стратегиясы арқылы сұралады. 1. Қуаттың формуласы N=A/t. «Иә» немесе «Жоқ» 2. Күш әрекетінен дене орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс механикалық жұмыс деп аталыды. «Иә» немесе «Жоқ» 3. Жұмыстың өлшем бірлігі секунд. «Иә» немесе «Жоқ» 4. Қуаттың өлшем бірлігі Ватт. «Иә» немесе «Жоқ» 5. Механикалық жұмыстың өрнегі А= F*t «Иә» немесе «Жоқ» 6. Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады. «Иә» немесе «Жоқ» Топтар бір – бірін «Шапалақтау» әдісі арқылы бағалайды. Дескриптор: Білім алушы - Формулаларды және анықтамаларды біледі. Бағалау парағы презентация Сабақтың ортасы 30мин. (G,W) Есептер шығару І. «Қуат» тобына 1) Көлемі 2 м3 гранит тақтасын 24 м биіктікке көтергенде қандай жұмыс атқарылады? 2) Желдеткіш 10 минутта 1800 Дж жұмыс істейді. Желдеткіштің қуаты қандай? ІІ. «Жұмыс» тобына 1) Көтергіш кран массасы 3000 кг жүкті көтеріп, 170 кДж жұмыс атқарды. Көтергіш кран жүкті қандай биіктікке көтерген? 2) Оқушы мектептің екінші қабатына 20 с-та көтеріледі. Қабаттың биіктігі 2 м болса,массасы 40 кг оқушының өндіретін қуаты қандай болар еді? ІІІ. «Уақыт» тобына 1) Минутына 1000 л суды 20 м биіктікке көтеретін сорғының қуаты неге тең? 2) Массасы 100 кг дене 3 м биіктіктен құлап түсті. Ауырлық күшінің жұмысын анықтаңдар. Әрбір топ бір – бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Дескриптор: Білім алушы -Есептің берілгенің жаза алады; -ХБЖ-ға түрлендіре алады; - Есептерді шешуде қуат және жұмыс формулаларын қолдана алады. Сергіту сәті. Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті сезе алатын жануар қалай аталады? Жауабы: мысық Үйлестірме қағаздар презентация Сабақтың соңы 5мин Ойлау дағдылары: білу,түсіну,қолдану Бағалау критерийі: -Есептің берілгенің жаза алады; -ХБЖ-ға айналдыра алады; -Есептерді шешуде қуат және жұмыс формулаларын қолдана алады. Қорытынды: (G,W) Карточкамен жұмыс. «Қуат» тобына Семантикалық карта Физикалық шама Белгіленуі Формуласы Өлшем бірлігі Қуат Жұмыс Уақыт Жол Күш «Жұмыс» тобына Сәйкестендіру кестесі Физикалық шама Формуласы Қуат Жұмыс Уақыт «Уақыт» тобына Өлшем бірліктерді түрлендіріп, кестеге жазу Өлшем бірліктің атауы Негізгі бірліктері (SI) жүйесінде 1 кВт 1 мВт 1 мкВт «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бірін – бірі бағалайды. Дескриптор: Білім алушы -ХБЖ-ға айналдыра алады; - Шамалардың белгіленуін, өлшем бірлігін, формуласын біледі. Үй тапсырмасы: • 1. Жұмыс, қуат тақырыптарына сөзжұмбақ құрастыру. • 2. Сурет бойынша есеп құрастыру. Кері байланыс: (Оқушылар кері байланыс парақшасына орындаған деңгейіне байланысты + белгісін қояды.) Аты-жөні_____________________________ өте жақсы орындадым жақсы орындадым орташа орындадым орындай алмадым Карточкалармен жұмыс Қосымша мәлімет Саралау - оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ – мен байланыс. Өткен тақырып бойынша «Иә» немесе «Жоқ» статегиясы арқылы қайталайды. Есептер шығарады және карточкадағы кестелерді толтырады. «Шапалақтау» әдісі «Бас бармақ» әдісі «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау; АКТ-ны уақытылы қолдану; Психологиялық жағымда ахуал туғызу; сергіту сәтін ұйымдастыру. Кері байланыс: 3 минут (Оқушылар кері байланыс парақшасына орындаған деңгейіне байланысты + белгісін қояды.) Аты-жөні_____________________________ өте жақсы орындадым жақсы орындадым орташа орындадым орындай алмадым Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен? Мысалы: өз басыңыздан өткен қандай оқиғаны айтар едің? Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты) ? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ Аты- жөні Үй тапсырмасына жауап беруі Есептер шығару Карточкамен жұмыс Қорытынды Аты-жөні___________________________________________________________ өте жақсы орындадым жақсы орындадым орташа орындадым орындай алмадым