Кинетическая энергия. Потенциальная энергия

разработка урока нового формата. Урок -решение задач. Применение формулы кинетической энергий.

Автор: Турсунбаева Багыш Каирбековна

Журнал «Просвещение». Выпуск №4 (6)

Фрагмент для ознакомления

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 7. 2. 3. 3 – кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану; Ойлау деңгейлері Қолдану, талдау Сабақтың мақсаты кинетикалық энергиянын формуласын пайдаланып есеп шығарады; кинетикалық энергия өзгерісі арқылы күштің жұмысын табады; сапалық есептер шығарады Бағалау критерийі -кинетикалық энергия формуласына есеп шығарады; - кинетикалық энергия өзгерісі арқылы күштің жұмысын табады; - сапалық есептер шығарады Тілдік мақсаттар Оқушылар: -кинетикалық энергияның формуласын оқиды, жазады; -кинетикалық энергия өзгерісі арқылы күштің жұмысын жазады; Сабаққа қатысты терминдер: -кинетикалық энергия-kinetic energy-кинетическая энергия; -күштің жұмысы-work forse-работа силы; -шабұшақ (шабылдаушы) -attack- штурмовик; -қырғи ұшағы-fighter- истребитель Әдіс - тәсілдер «Мақсат ағашы», «Өз жұбыңды тап» Құндылықтарға баулу Тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы Берілген тапсырма арқылы екінші дүниежүзілік соғыста Кеңестер Одағының Батыры атағын екі мәрте алған Талғат Бигелдинов басқарған шабұшақ туралы тарих беттерінде сақталған. Қазақ халқының тарихы – бұл бірігу тарихы. Тек бірлікті сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мəдени-өркениеттік кодқа, ортақ тілге жəне дəстүрге ие халық ретінде сақталып қалды. Тоқтар Әубакіров осындай қырғи ұшақтарын кемеге қондырып, Кеңестер Одағының Батыры атагын алған болатын. Пәнаралық байланыс Тарих- Талғат Бигелдинов басқарған шабұшақ туралы, астрономия- Тоқтар Әубакіров қырғи ұшақтарын кемеге қондырғаны, математика-есеп шығару дағдылары. Күтілетін нәтиже кинетикалық энергия формуласын қолданып, есептер шығарады; Тақырып бойынша алдыңғы білім Кинетикалық энергияны ажыратады; кинетикалық энергияның формуласын біледі; күштің жұмысын энергия өзгерісі арқылы өрнегін біледі; Энергия, жұмыстың өлшем бірлігін біледі Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы 10 мин Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін «Мақсат ағашы» әдісі арқылы оқушылар кинетикалық энергия тақырыбы бойынша өз білімдерінің деңгейін анықтайды. Оқушы өзінің атын стикерге жазып «мақсат ағашына» жабыстырады. Қима қағаздарының түстері арқылы оқушылар екі топқа бөлінеді. 1-топ «сары түсті». 2-топ «көк түсті» 1-ші тапсырма. «Бағытталған оқу» әдісі арқылы әр топ ақпаратты терең меңгереді; есепті талдайды, дәптерге жазады. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Жұмыс жасау барысында жаңа ақпаратпен ықыластана жасайды; ұсынылған проблема, жасалған жұмыс бойынша өз ойына талдау жасай біледі. Таным әрекетін жүзеге асыру барысында сындарлы қарым - қатынас жасай біледі. Топтық жұмыс: Есеп: 157, б –суретте Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңестер Одағының Батыры атағын екі мәрте алған әуе полқының командирі Талғат Бигелдинов басқарған шабұшақ (шабылдаушы-штурмовик) «Ил-2» көрсетілген. Сонымен қатар дыбыстан да жылдам ұшатын қазіргі «Су-27» (157, ә –сурет) және «МиГ-15» (157, а –сурет) сияқты қырғи (истребитель) ұшақтары да көрсетілген, Тоқтар Әубакіров осындай қырги ұшақтарын кемеге қондырып, Кеңестер Одағының Батыры атагын алған болатын. Егер Талғат пен Тоқтардың массалары бірдей m1= m2=70 кг, ал «Ил -2»-нің жалпы массасы m3 =2000 кг, ұшу биіктігі 5 км, жылдамдығы 360 км/сағ, «Су-27»-нің жалпы массасы m4 =10 000 кг, ұшу биіктігі 20 км, жылдамдығы 3600 км/сағ болса, онда: 1-топ: батырлардың Жермен және өз ұшақтарымен салаыстырғандағы кинетикалық энергиялары қандай? 2-топ: ұшақтардың Жермен салыстырғандағы кинетикалық энергиялары қандай? 1-топ: Берілгені: Шешуі: m1= m2=70 кг км/сағ=100 м/с м/с км/сағ=103 м/с м/с -Талғаттың Жермен салыстырғандағы кинетикалық энергиясы; -Талғаттың ұшақпен салыстырғандағы кинетикалық энергиясы; -Тоқтардың Жермен салыстырғандағы кинетикалық энергиясы; и -Тоқтардың ұшақпен салыстырғандағы кинетикалық энергиясы; ? ? ? ? Есептелуі: м/с және м/с, демек Жауабы: , , 2- топ: Берілгені: Шешуі: m3=2000 кг =2*103 кг m4=10000 кг =104 кг км/сағ=102 м/с км/сағ=103 м/с -«Ил-2» шабұшағының Жермен салыстырғандағы кинетикалық энергиясы; -«Су-27» қырғи ұшағының Жермен салыстырғандағы кинетикалық энергиясы; ? ? Есептелуі: Жауабы: , Оқушының аты жазылған стикерлер Қима қағаздары Оқулық Ватман маркер Сабақтың ортасы 27 минут 2-тапсырма. «Өз жұбыңды тап» әдісі. Көк, сары стикерлердың сыртында жазылған физикалық шамалар арқылы белгілі формула құрайды. Оқушылар жұптаса кинетикалық энергия өзгерісі арқылы күштің жұмысын табады. Есеп шығару. Жұппен жұмыс: Горизонталь бетте 72 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 1000 т пойызды тоқтату үшін қандай жұмыс атқару керек? Кері байланыс есеп шығару барысында жүргізіледі. 3-тапсырма. Келесі тапсырмада саралау оқытуды көздеймін. Оқушылардың барлығы бірінші есепті шығарады, көбі екінші есепті шығарады. Үшінші есепті шығару үшін оқушының белгісіз шаманы өрнек түрінде жазуын талап етеді. Жеке жұмыс: 1) Массасы 50 тонна реактивті ұшақ Жермен салыстырғанда 300 м/с жылдамдықпен қозғалса, оның кинетикалық энергиясы қандай? Бағалау критерийі Дескрипторлар Кинетикалық энергия формуласына есеп шығарады 1. Берілгенін дұрыс жазады; 2. Сұрағын дұрыс анықтайды; 3. ХБЖ-не дұрыс аударады; 4. Кинетикалық энергияның формуласын дұрыс жазады. 5. Берілген формулаға сан мәндерін қойып, есептің жауабын дұрыс шығарады 2) Массасы 9 г оқ қалындығы 5 см тақтайды тесіп өтіп, өзінің жылдамдығын 600 м/с-тен 200 м/с шамасына дейін кемітеді. Кинетикалық энергияның өзгерісін, үйкеліс күшінің жұмысын табыңдар. Кедергі күшін барлық жағдайда да тұрақты деп алыңдар. Бағалау критерийі Дескрипторлар Кинетикалық энергия өзгерісі арқылы күштің жұмысын табады 1. Берілгенін дұрыс жазады; 2. Сұрағын дұрыс анықтайды; 3. ХБЖ-не дұрыс аударады; 4. Күштің жұмысын энергия өзгерісі арқылы жазады. 5. Берілген формулаға сан мәндерін қойып, есептің жауабын дұрыс шығарады 3) Самосвалдың массасы жеңіл автомобильдің массасынан 18 есе артық, ал самосвалдың жылдамдығы жеңіл автомобильдің жылдамдығынан 6 есе кем. Осы автомобильдердің кинетикалық энергияларын салыстырыңдар. Бағалау критерийлері Дескрипторлар Сапалық есептер шығарады 1. Берілгенін дұрыс жазады; 2. Сұрағын дұрыс анықтайды; 3. Кинетикалық энергияның формуласын дұрыс жазады. 4. Кинетикалық энергияларды қатынас түрінде жазады 5. Формулаларды өрнектейді 6. Берілген өрнекке сан мәндерін қойып, есептің жауабын дұрыс табады Дәптермен жұмыс кеспе қағаздар Сабақтың соңы 3 мин Рефлексия: «Мақсат ағашы» Оқушылар ағаштың қандай бөлігінде отырғанын бояп көрсетеді. Ағаштың шыңына жету үшін нені түсінбеді, шығаралмаған есепті стикерге жазып жабыстырады. Бағалау парағы, интербелсенді тақта Үй жұмысы §53, жаттығу 30 (2)