Бастауыш сынып оқушыларымен ғылыми жоба жасаудың тәжірибесінен

Бүгінгі таңда функционалды сауаттылық қалыптастыру барысында дұрыс жұмыс формаларды таңдау қажет. Бастауыш сыныптарда оқушылармен ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру керек.

Автор: Мусалимова Гульнара Рахимовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №4 (6)

Фрагмент для ознакомления

Қазіргі уақыт сұранысы бойынша өмірге деген функционалды сауаттылық қалыптастыру мақсатымен бастауыш сынып оқушылары арасында көбірек ғылыми жұмыстар жасауды сұрайды. Соңғы кездерде ғылыми жобалар байқаулары да көбейді. Өзімнің оқушыларымен бірге үш жыл бойы біз осындай жұмыстар атқарамыз. Жұмысымыздың күрделі де, жеңіл де қырлары бар: шәкірттеріміз өз отбасыларында орыс тілінде араласатын оқушылар, бірақ бүгінгі ата-аналардың мемлекеттік тілге деген көзқарастары дұрыс, олар өз балалары тілді меңгерсін деп, жетістіктерге жетсін деп барлық жағдай тудыратын ата-аналар. Ең бастысы, осындай жұмысты бастағанда оқушыңызбен бірге қызық те, өзекті де тақырып таңдау керек. Онда жұмыс өте ыңғайлы жасалады. Мысалы үшін, екі жыл бұрын біз таңдаған «Мектебімізге қош келдің!» тақырып оқушыға да (жұмысты жасаған Есбол Нұрсәуле, 4 сынып оқушысы), маған да қызықты болды. Өйткені, мектепке жаңадан келген оқушыларды дұрыс қабылдау/қабылдамаудан көп нәрсе туады. I. Өткен жылда менің жақсы құрбым Жанел Қарағанды қаласына көшіп кетті. Оның әкесі қызметін ауыстырды. Жанел кететін уақытта қатты ұайымдады: жаңа мектепке, сыныптастарға үйренемін бе, үздік оқи аламын ба, мұғалімдердің аттарын, кабинеттердің орналасуын, мектепішілік ережелерін білмеймін деп мұңайды. Мен құрбымды қатты аядым. Жаздың соңғы күндерде ол қобалжып Қарағандыға кетті. Оқу жылы басталғанда мен жаңадан келген Алмаз бен Мадинаға ерекше назар аудардым: бірінші барып таныстым, сыныптастарыммен таныстырдым. Ғылыми жобаның тақырыбын таңдағанда, мен ұстазыма осы тақырыпты ұсындым. 1.1. Жұмысымның мақсаты: Жасалған альбом арқылы мектепке жаңа-дан келген оқушыларының қорқыныштарын төмендету. Міндетім: Мектепке жаңадан келген оқушыларға құрдастардың аттары-нан жолдауда жылы сөздер және көңіл көтеретін суреттер арқылы бейтаныс қоршаған ортаға сенімділікпен қарауға итермелеу. 1.2. Жұмысымды төрт кезеңге бөлдім: 1) Мектеп психологтан кеңес алу. 2) Мектепке жаңадан келген оқушылармен сауалнама өткізу және шық-қан деректілерді өндеу. 3) Мектепке жаңадан келген ұстаздармен сұхбат. 4) Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс - зерттеу бағыт (жұмыс же-текшімен бірге): өзінді жаңа келген оқушының орнына қойып елестет: оған бастапқы кезінде кездесетін коммуникативтік, ұйымдастырушылық, оқу қиын-шылықтарын жеңілдетуге (шешуге) қалай болатынын анықта. Одан кейін тапсырма берілді: • 1-2 сынып оқушыларына «Біздің мектепке қош келдің!» деген белгілер жасату; • 3-4 cынып оқушыларға «Бізбен бірге бол!» деген хат жазғызу; • «Біздің мектепке қош келдің!» деген альбом жасау. II. Оқушылардың кейбіреулеріне әр-түрлі себептерге байланысты басқа мектепке немесе сыныптан сыныпқа көшу керек болады. Осы жағдайда бейтаныс қоршаған ортаға тез бейімделуі баланың өзінің мінезіне, ата-анасының, сынып жетекшіcінің, жаңа ұжымның дұрыс/дұрыс емес іс-әрекеттеріне тиісті. Ал осы жұмысымыз арқылы біз аталған үлкен мәселенің бір ғана кішкентай қырын ашуға тырысамыз. Бүгін бала әке-шешесімен бірге жаңа мектебіне келіп, өтініш жазып, сыныбын анықтағаннан соң, әдетте кезекші оқу-іс меңгерушісі оқушы мен ата–анасына арнап экскурсия өткізеді. Бірақ сол экскурсиядан кейін балалардың естерінде көп нәрсе қалмайды. Мектеп директордың хатшысы осы альбомды оқушыға ұсынады. Бала кешке таман үлкендердің біреуімен альбоммен танысады. Осы альбомда бастауыш сынып оқушылары атынан хаттар, көңіл көтеретін суреттер, мектепте жұмыс істеп жатқан мұғалімдерінің фотолары, 911 қызметінің жұмысы (емдеу кабинеті, психологтың кабинеті, оқу қолдау қызметі (шетелден келген оқушылар үшін - служба поддержки обучения), мектептің жоспары (кабинеттердің нөмірлері, қай қабатта, қай ғимататта орналасқан, асхана, кітапхана, дәретке арналған бөлмелер, спортзал, хореография залы, т. б.). Бала жаңа мектепке алғашқы баратын күннің алдында осындай альбомды әке-шешесімен бірге қараса, оның психологиялық жағдайы өз қалпына келіп, жүрегі орнына түсіп, жақсы ұйықтап, мектепке көтеріңкі көңіл-күймен барады, өйткені «мектеп бөтен болса да, мені осы мектепте достарым күтіп отыр» деп ойлайды. 2. 1. Мектепке жаңадан келген оқушылармен сауалнама және ол арқылы алынған мәліметтерді өңдеу: 1) Жаңа мектепте қандай қиыншылықтар болу мүмкін? 2) Бастапқы уақытта саған қандай көмек керек болды? 3) Мен мектепке жаңадан келген оқушылар үшін «Біздің мектепке қош келдің!» деген альбом жасауды жоспарлап жүрмін. Оның ішінде мектеп оқу-шыларының жылы сөздер, жақсы лебіздер болады. Осы альбомды жаңадан келген оқушының ата-аналары өтініш берген күнде, мектеп хатшысы қолына ұстатқызады. Қалай ойлайсың, осындай альбом керек пе? Осы жобаны жасағанда мен өзімнің жетекшімнің көмегімен әртүрлі өндеу жұмыс түрлерін қолдандым. №3 сұрақ бойынша мен сипаттау тәсілді қолдандым, өйткені осы сұрақ адьбомның қажеттілігін анықтау үшін арналған; алған мәліметті кесте арқылы көруге болады. №1 сұраққа байланысты гистограмма (Excel), ал №2 сұрақты дөңгелек диаграмма (Excel) арқылы көрсеттім (ондай бағдарламаларды мен пайдалаған жоқпын). №1 сұрақ: Мәселелерді топтап біріктірдім. Төмен берілген кесте бойынша сауалнаманың 3-ші де сұраққа жауаптарын көруге болады. Осындай кестеге шықтым: Қиындықтардың түрлері Жауаптар/сипаттама Ұйымдас-тырушылық - мұғалімдердің аты-жөнін білмеймін -керекті кабинетті тез тауып алмаймын деп қорқамын -менде тағамдық аллергия, кімге сұрақ қою болады екен; Комуникация - мені жаңа сыныпта/мектепте қалай қабылдайды - өзара қарым-қатынаста менде қиыншылықтар бар, сондықтан жаңа сыныптастармен тіл табысамын ба - мен спорт ойындарды жақсы көремін, жаңа мектепте менімен бірге ойнайтын достарды табам ба - мен көзілдірік киемін, жаңа сыныптастарым келемеждиді деп қорқамын Оқу - мұғалім қатал болса, өз білімдерімді көрсете аламын ба - жаңа сыныпта тым үздік оқушылар болса, мен ең нашар оқысам -ескі мектепте өтпеген тақырыпты мұғалім сұраса, мен жауап бере алмаймын Қорытынды: жаңа оқушылар ұайымдайтын мәселелер әр түрлі болса да, бірақ барлығы жеңіл шешіледі. Ол үшін бір нәрсені есте сақтау керек: жаңа сыныпта, жаңа мектепте СЕН СИЯҚТЫ, СЕНІҢ ЕСКІ ДОСТАРЫҢ СИЯҚТЫ оқушылар бар. Сұрақ болса, оны қорықпай қою керек. Қасындағы оқушылар саған жауаппен асығады, тым болмаса, көрсетіп те береді. Ал осы ойды жеткізу үшін біз жоспарлаған альбомызды шығарамыз. №1 сұрақ: Жауаптарын келесі диаграмма арқылы көрсетуге болады: №2 сұрақ: Сауалнама нәтижесінде осындай көрсеткіштер шықты: -мектепішілік өмір бойынша керекті ақпаратты алу - 46%; -достық қарым-қатынас - 50%; - жаңадан келген оқушыларының 4% қауіпсіздікті керек етеді Қорытынды: осыған байланысты келешек альбомда керекті ақпарат және жолдастық кеңестер/күлкілі жағдайлар болу керек. Өйткені, жаңа мектеп, жаңа сынып бойынша көбірек мәлімет болса, онда қорқыныш азаяды: таныс жағдайда өзіне байланысты сенімділік өседі. №3 сұрақ бойынша жауап біркелкі болды: жаңадан келген оқушылардың ішінен барлығы осындай альбом керектігін растады. Жаңа кел-ген оқушылардың тілегі: альбомда міндетті түрде фото, мектептің жоспары, мұғалімдердің суреттері мен аты-жөні болу тиіс. 2. 2. Үлкен адамдардың жұмыс орнын ауыстыру көп адам үшін маңызды психологиялық проблема. Бірақ оқушылардың қорқыныштармен салыстырғанда, ересек адамдардың өмірлік тәжірибе арқылы, сәтті ситуациялар («ситуация успеха») арқылы қалыптасқан білімдері бар: барлық жерлерде адам бірдей, адамнан қорықпау керек, ашық болсан саған да бейтаныс адам ашылады, әрқашан жақсылық ойлап жүру керек, өзінің біліміне, күшіне, денсаулығына, тапқырлығына сенімді болу керек, кездескен кісіден жақсылық күту керек, өзің де адамға көмекке келуге дайын бол. Осындай білімін болса, жаңа қоғамдастыққа қорқынышсыз келесін. Сұхбатты өткізген соң, мұғалімдеріміздің ұсыныстарын осындай параққа біріктірдім: Мұғалімдеріміздің кеңестері:  өз өміріңнен бір немесе бінешеу «сәтті ситуацияларды» еске түсір. Сол кезде қандай сезімге ие болғанынды есте сақтап жүрсен, қиын кезінде сол сезімді елестет;  әрқашан жақсылық ойлап жүру керек;  барлық жерлерде адам бірдей, адамнан қорықпау керек;  ашық болсан саған бейтаныс адам да ашылады;  кездескен адамнан жақсылық күту керек, өзің де адамға көмекке келуге дайын бол;  өзінің біліміне, күшіне, денсаулығына, тапқырлығына сенімді болу керек 2. 3. Жаңадан келген оқушылармен психологтың көмегімен сынып же-текшілері де жұмыс жасайды. Олар оқушының жаңа келген кезде осындай ойындар өткізсе, баланың психологиялық көңілі көтеріледі. Осы шара арқылы сыныптың ең белсенді, мейірімді оқушылар өздерінің саналарын көрсетуге мүмкіншілік алады, «Туған күн» деген жаттығу. Оқушылар төрт топқа бөлінеді (топта жыл-дың бір мезгілінде туған балалар қосылады) • қатысушылар ең «бай» жыл мезгілін анықтайды • жаңа оқушы қай топта екенін белгілейді Одан кейін әр топ туған күнге сыйлық таңдайды (сыйлық қызықты болу керек және топтың әр қатысушы керек етеді) «Жаңа оқушымен танысу» деген жаттығу. Жаңа оқушы өзінің аты-тегін, қай мектепте оқығанын айтады. Сыныптың оқушыларына төменгі жағында тапсырманы орындау керек: өздерінді жаңа келген оқушының орнына қойып елестет және бірнеше сұрақтарға жауап бер: - Назым қазір қандай сезімде отыр? - Ол нені армандайды, кімге (неге) сенеді? - Ол қандай пәндерді жақсы көреді? - Сабақтан кейін қандай үйірмелерге барады? Жаңадан келген оқушы сыныптастарының жауаптарын бағалайды. Ал дұрыс берген жауаптар үшін жылы сөздер айтып, қадірлейді. Егер жаңадан келген оқушы өзін белсенді, жақсы көңіл-күймен ұстаса, жаттығудың келесі кезеңі өткізіледі. Сыныптастар жаңадан келген оқушыға бір-бір сұрақ қояды. Бірақ сұрақтар сыпайы болу керек және оқушыны ренжітпеу керек. III. Қорытынды: Қорыта айтқанда, осы ғылыми жұмысымның нәтижесі – жасаған альбом – өте қажетті альбом. Өйткені, бейтаныс қоғамдыстықта жаңадан келген оқушы үшін алғашқы күндер ең қиын болады, ал осы альбом (мен сенемін) оқушының психологиялық жағдайын әжептәуір жеңілтеді. Жобаны аяқтағаннан соң біз жасаған журналымыз оқушылардың суреттермен, жақсы лебіздермен, тілектермен, мектептің қабылдау бөлмесінде өз орнын тапты. Ал келесі жыл Быковский Богданмен жасаған жұмыстың тақырыбы сонша қызықты болған жоқ. Богданның ұлты поляк, шешесі қазақ, «Біз ғылыми жоба жасайықшы», - деп анасы мен атасы сұрағаннан кейін жұмысқа кірістік. Мемлекетіміздің болашағы жас ұрпақтың бойындағы ізденгіштік қасиеттерін дамыту, одан әрі жетілдіру, ғылыми шығармашылыққа бағыт сілтеу өзекті міндет. Сол үшін балалардың қабілетін дарындылығына зер салу үшін ғылыми жұмыстар, ізденіс жұмыстар жасау қажетті.