Внеклассное мероприятие «Бір шаңырақ астына»

ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылдық аясында өткізілген іс шара.Бұл іс шара музыкантпен бірігіп құастырдық. Басында балалардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында әжейге қонаққа бардық.Әжеге сыйлық ретінде тақпақ, өлең, би және аспаптарда ойнады.Даярлық сыныбында осындай іс шараларды музыканың сүйемелдеуімен өткізгенде балалар өздерін еркін сезініп, бірі біріне деген қарым қатынастары жақсарып тез тіл табыса кетеді

Автор: Абуева Фариза Кайроленовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №4 (6)

Фрагмент для ознакомления

Мақсаты: Балаларды қазақстандық патриотизмге,елін,жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Өзге ұлт өкілдерін, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу. Отанды сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу. 1. Балалар «Туған жер» өлеңімен сыныпқа кіреді және орындықтың қасына тұрады. Музыка жетекшісі: (музыкалық сәлемдеме) - Сәлеметсіңдерме балалар! Балалар: Сәлеметсізбе мұғалім, сәлеметсіздерме қонақтар! Музыка жетекшісі: Хош келдіңіздер, құрметті әріптестер! - Балалар бір- біріміздің қолымызды ұстайық, - Бір- бірімізге күлкімізді сыйлайық - Біздің көңілді күлкіміз - Барлығына бахыт және жақсылық әкелсін. - Жарайсыңдар, балалар! Енді орнымызға отырайық. - Балалар! Біздің Отанымыз қалай аталады? Балалар: Біздің отанымыз Қазақстан. Музыка жетекшісі: - Дұрыс, біздің отанымыз Қазақстан - Наша Родина — Отан, - Край любимый Казахстан. - Реки, горы и поля — - Это все наша Земля! (есік қағылады, хат әкеледі) Жүргізуші: Балалар, бізге хат келді. 2. Хатты оқимын: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар! Мен сіздерді бүгінгі болатын туған күніме шақырамын. Шолпан әже. - Балалар, сендер қонаққа барғанды ұнатасыңдар ма? Ендеше жолға аттанайық. Поезбен барамыз. («Туған жер» әуенімен шеңерде айналып жүреді,орындарына келеді) - Міне, аялдамаға келдік,. Енді бәріміз әжеміздің үйіне барамыз. Алдымен отырып, дем алайық. (Балалар отырады, музыка ойнайды) 3. Әже кіреді: - Сәлеметсіздерме құрметті қоңақтар! Менің туған күніме келгендеріңізге өте қуаныштымын. Мен сендерге бір құс туралы аңыз әңгіме айтайын. Ертеде бір әнші құс болыпты. Бір күні жердің үстімен жоғары төмен ұшып жүргенде музыкалық әуендер пайда болыпты. Сол әуеннен барлық жерде осындай әнші адамдарымыз пайда болыпты. Жүргізуші: —Құрметті әже, сізді туған күніңізбен құттықтаймыз, біздің сізге дайындаған сыйлығымыз бар. Балалардың сізге дайындаған әндері билері бар. 4. Ән « Казахстан» 5. Тақпақтар: 1. Отан жерім, Отан- суым, Отан қуат, нәр береді Отан-ұран, Отан- туым, Отан мәңгі гүлденеді. 2. Қуат алған өзіңнен, Туған жердің ұлымын Бақытты етіп өсірген, Отанымның гүлімін. 3. Елтаңбасы елімнің, Ортасында шаңырақ Мемлекеттік туымнан Күн шығып тұр жарқырап. 4. Әнұраны елімнің, Шақырады бірлікке Егеменді халқымның Болашағы бірлікте. 5. Кеңсін дала, туған ана, Көйлегің кең көк ала. Жан беретін, тән беретін Мейрімді ана сен ғана. 6. Би: «Анастасия» (Дильназдың орындауында) 7. Оркестр (Балалар аспапта ойнайды) Жүргізуші: Әже, біздің балаларымыз, музыкалық аспапта да ойнай алады. Ортаға музыкалық аспаппен балаларды шақырамын. Жүргізуші: Енді біз сізге жақсы көңіл сыйлағамыз келеді Балалар, ортаға шығайық, Шеңбер құрып, ойнайық. 8. Ойын: «Киіз үйді құрайық» 9. Би «Достарым кел, билейік» Әже: Рахмет сендерге балаларым! Әндерің де, билерің де өте тамаша! Расында да балалар өмірдің гүлі екен. Мен енді баратын жерім бар, сау болыңдар! Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балаларымыздың сіздерге дайындаған «Алтын күз» туралы концертін тамашалайық. Балалар концертіміз неге күз туралы? (Балалардың жауабы) 9. Ән: «Күз тамаша» 10. Қолшатырмен би. Қыздарамыздың орындауында қолшатыр биін тамашалайық. Тақпақтарын тыңдайық 1. Қуандырып біздерді Мерекелі күз келді Кел жемісті алтын күз Кемелденсін халқымыз 2. Алқаптағы бидайды Қоймаға ел жинауды. Тырналары тізілген Ұнатамын күзді мен. 3. Алтын, сары, қызыл, көк Алуан, алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады жапырлап 4. Көрініп еліме, Күндері мереке Келді ғой жеріме Күз дейтін мереке 11. Ән: «КҮЗДЕ» 12. ФЛЕШМОБ Құрметті қонақтар, келгендеріңізге көп рахмет! Осымен бүгінгі «Бір шаңырақ астында» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Бәріңізге денсаулық, еңбектеріңіз жана берсін, жақсы табыс тілейміз. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.