XXI ғасыр көшбасшылары

Тәуелсіздікке 25 жыл толуына орай 25 жұлдызды күн аясында «Егеменді елімнің ертеңімін» атты 4 сынып оқушыларымен сынып сағатын өткіздім. Оқушыларды 2 топқа бөліп, 5 кезеңнен тұратын сұрақ-жауап арқылы білімдерін тексердік.

Автор: Шаяхина Сара Мусаидовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №4 (6)

Фрагмент для ознакомления

Мақсаты: Тәуелсіз елдің ертеңі – білімді жастарда екендігін ұғындырып, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру Көрнекілігі: интер белсенді тақта, сұрақ жауап, мақал мәтелдер, т. б. Сабақ түрі: жарыс сабақ Сабақ әдісі: сұрақ – жауап Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Кіріспе сөз. - Армысыздар, құрметті оқушылар мен ұстаздар және ойынға қатысушы сайыскерлер! 2016 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіз ел болғанына 25 жыл болғалы отыр. Тәуелсіздік – қасиетті, киелі ұғым. Ол ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, үміті мен сенімі. Ол - азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры. «Еліміздің ертеңі – білімді ұрпағымызда» деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Сол білімді жастарды болашақта сендер құрайтын боласыңдар. Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаев: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез, деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық» деген. Қазіргі таңда тәуелсіздігіміздің баянды болуы – білімді ұрпақтың қолында. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» 25 жұлдызды күн акциясы өтуде. Дәл бүгінгі күн 9-желтоқсан – Білім күні. Осы мақсатпен бүгін «Егеменді елімнің ертеңімін» атты интеллектуалдық сайыс өткізгелі отырмыз. Бүгінгі күні білімдерің, алғырлықтарың, шеберліктерің байқалатын күн. Мұғалім: Кім жеңді, кім жеңілді деп жүрмейік, Әділ - қазы бағасына жүгінейік. Сайысқа баға беріп, сөз айтатын, Қазыларға төрден орын берейік. Әділ қазылар алқасын төрге шақырамыз: - Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қазір осы уақытқа дейін алған білімімізді саралап, өнерімізді ортаға салмақпыз. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік. Олай болса, «Егеменді елімнің ертеңімін» атты сайысымызды бастаймыз. 1 - жүргізуші: Алғашқы кезегіміз таныстыру, Топтарды бір - бірімен табыстыру. Айдар таққан атауларын қорғайтындай Өлең сөзбен өрнектеп жарыстыру. Топтар өзара кезегін анықтайды. «Сұңқарлар» тобы: «Тұлпарлар» тобы: Ойыншылар екі топқа бөлінген. Әр топ 5 сайыскерден құралған. «Сұңқарлар» тобының топ басшысы- «Тұлпарлар» тобының топ басшысы- ІІ. Негізгі кезең І. Бәйге -Бұл кезеңде сендер берілген сұрақтарға 1-ші болып жауап беруге тырысасыңдар. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. «Сұңқарлар» тобына сұрақтар 1. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз? P=a*4 2. 1 қорапта 7 дәптер бар. 8 қорапта неше дәптер бар? 7*8=56 3. Тұрлаулы мүшелерді ата. Бастауыш, баяндауыш 4. Есту мүшесін ата. құлақ 5. 1 қобдишада 7 моншақ бар. 9 қобдишада неше моншақ бар? 6. Бастауыштан кейін қандай жағдайда сызықша қойылады? «Тұлпарлар» тобына сұрақтар 1. Шаршының периметрін қалай табамыз? P=a*a 2. 1 орамда 9 метр мата бар. 6 орамда неше метр мата бар? 9*6=54 3. Зат есімнің сұрақтарын ата. Кім? не? кімдер? нелер? 4. Иіс сезу мүшесін ата. мұрын 5. 1 шелекте 8 литр су бар. 6 шелекте неше литр су бар? 6. күшейткіш буын арқылы жасалған сөздер. ІІ. «Жеті жұрттың тілін біл» Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте, - Мемлекеттік тілмен қоса, балалар, сендер орыс тілін, ағылшын тілін меңгеріп жүрсіңдер. Орыс, ағылшын тілдері ұлтаралық тіл, үйренгеңнің артығы жоқ - Келесі кезеңіміздің атауы «Жеті жұрттың тілін біл» деп аталады. Әр топқа жұмбақ оқимын. Сендер сол жұмбақтардың шешуін қазақша, орысша, ағылшынша тілде айтуларың керек. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі. 1. Ыстық дейді оны оттан, Патриот оны ұнатқан. Оңбайды бұл өмірде, Адам оны жоғалтқан. (Отан – Родина - motherland) 2. Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама. (кітап – книга – book) 3. Әр адамның шағын отаны (отбасы – семья – фемели). 4. Теңіздей түбі терең, Сүңгіген жетер әрең. (Білім – знание – knowledge (ноулодж) 5. Қоймасын қыс ақтарып, Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег – snow) 6. Ұшып - қонып тынбайды, Тасқа соқсаң сынбайды. Суға салсаң батпайды, Түскен жерге жатпайды (Доп - мяч -. ball) ІІІ. «Қызықты төрттік» -Бұл кезеңде сіздер өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Жеңіл сұрақ алғыларың келсе, 10 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыңдар. Мұндағы 40 ұпайды күрделі сұраққа жауап беру арқылы жинауға болады. Әдебиеттік оқу 1. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? Мұқағали Мақатаев 2. Алғаш қазақ мектебін ашқан кім? Ыбырай Алтынсарин 3. Жеті атаның аталуын ретімен ата. Бала. Әке. Ата. Үлкен ата. Баба. Түп ата. Тек ата. 4. Жұмбақ айтыс деген не? жұмбақталып айтылады. Қазақ тілі 1. Диалог дегеніміз не? 2. Мәтіннің түрлерін ата. 3. Антоним деген не? мысал келтір. 4. Септіктерді атап шық. Математика 1. 7-нің квадратын тап. 49 2. 24-тің үштен бір бөлігі қанша? 24: 3=8 3. Қабырғалары 7 см және 4 см болатын тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын тап. Р= (7+4) *2=22см S=7*4=28см2 4. 100- (10+2*7): 6-амалдардың орындалу тәртібін қойып шық. Дүниетану 1. Табиғат құбылыстары дегеніміз не? жаңбыр, боран, найзағай, күн 2. Өлі және тірі табиғатқа не жатады? 3. Табиғаттағы су айналымы туралы не білесің? 4. Елтаңбаның авторларын ата. ІҮ. «Тіл өнері» Бұл кезеңді тіл өнерін көрсететін боласыңдар. 10 ұпай қосылады. 1. «Отан, туған жер» туралы мақал-мәтелдер айт 1. «Білім, оқу» туралы мақал-мәтелдер айт Ү. Соңғы айналым -Әр топ басшысына сұрақтар қойылады. Топ басшысы сұрақтарға жауап береді. Әр сұраққа 10 ұпайдан беріледі. 1 – оқушыға 1. Қыс айларын ата: (Желтоқсан, қаңтар, ақпан) 2. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42) 3. 9-бұл? (Сан) 4. Аптаның бірінші күні? (Дүйсенбі) 5. Күзде жапырақтар қайтеді? (Сарғаяды) 6. 42-нің алтыдан бір бөлігі қанша? (7) 7. Халықаралық әйелдер күні. (8 Наурыз) 8. Біз сабақта тақтаға немен жазамыз? (Бормен) 9. Сенің атаң әкеңе кім? (Әке) 10. Иіс сезу мүшесін ат (мұрын) 2-оқушыға: 1. Жаз айларын ата? (маусым, шілде, тамыз) 2. Қыста не жауады? (Қар) 3. 24-тің төрттен бір бөлігі қанша? (6) 4. Сабақ арасында бос уақыт? (үзіліс) 5. Аптаның үшінші күні? (Сәрсенбі) 6. Төрт түлік малдарды ата. (Түйе,жылқы,сиыр,қой,ешкі) 7. Түнде аспанда не көрінеді? (жұлдыз) 8. 10 саны неше таңбалы сан? (екі) 9. 22-НАУРЫЗ қандай мейрам? (НАУРЫЗ) 10. Көру мүшесін ата (көз) -Келесі кезекті әділ-қазылар алқасына береміз. -Құрметті оқушылар біздің бүгінгі ойынымыз аяқталды. «Бүгінгі білім-ертеңгі байлығымыз» 21- ғасыр – білім ғасыры өткенімізді білетін, ертеңімізге сенетін қарапайым азамат болыңдар!