Бейнелеу өнері сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулудың әдіс-тәсілдері

Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне ену білім беру жүйесін реформалауды, яғни білім сапасын қазіргі талаптарға сай қамтамасыз ету мақсатында жетілдіруді қажет етеді.Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің мақсаты жүйеленіп, дайын күйінде берілген білім,қабілет пен дағдыларды қайталаумен шектеліп қана қоймай,шығармашылықпен еңбектене білетін тың жаңалықтар ашуға қабілетті,өзіндік ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.Соңдықтан Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында білім беру жүйесінің міндеті жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту" ретінде белгіленген. Бұл өз кезегінде, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мен дамытудың анағұрлым тиімді жолдары мен әдістерін іздестірудің маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Осыған байланысты бейнелеу өнерінің мол мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы өте зор.

Автор: Абдыгалиева Кунсулу Асылбековна

Журнал «Просвещение». Выпуск №6(26)