Арнайы пәндерді оқытуда CLIL, TBLT әдістемелерін қолданудың тиімділігі

Мақалада автор «Арнайы пәндерді ағылшын тілінде CLIL, TBLT әдістемелері және BOPPPS моделінің интеграциясы негізінде оқыту» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсынан алған іс-тәжірибесімен бөліседі. Онда арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқытудың мақсат-міндеттері көрсетіле отырып, BOPPPS моделі (алты кезеңі) бойынша сабақты жоспарлауға қысқаша түсініктеме беріледі. Курсты зерделеу барысында диалог арқылы өзара оқытуға, қиындық туғызатын мәселелерді шешуге, білім алушыларды оқу үдерісіне белсенді қатыстыруға бағытталған топтық, жұптық жұмыстардың тиімді ұйымдастырылғаны, түрлі интерактивті әдіс-тәсілдердің оңтайлы қолданылғаны баяндалады.

Автор: Ыбышева Салтанат Жанабекқызы

Журнал «Педагогический мир Казахстана». Выпуск №9(21)