Мектеп ұжымының дәстүрі

Дәстүр -бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмірдегі, ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер. Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту болып табылады.Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен дұрыс өзара қарым-катынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Соған байланысты мұғалім өзінін жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.

Автор: Байдуллина Айнур Саденовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №5 (7)