Қазақстандағы ұлттық спортты дамыту

Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындары классикалық спорт түрлері мен ойындары сияқты жарыс әрекетін, оларға арнайы дайындықты, разряд мөлшерлері мен жетістіктерін қажет етеді. Жарыссыз спорт болмайды. Ұлттық спорт түрлері мен спорттық ойындар жарыссыз өмір сүре алмағанымен, олардың қызметі спорт жетістіктері мен сайыстық мақсаттармен шектелмейді. Ұлттық спорт түрлері адамның дене қимылы қасиеттерін жетілдірудің, оның рухани табиғатын бүгінгі өмір талаптарына өзгертудің тиімді жолы және жеке адамды тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі болып есептеледі

Автор: Асылбек Талант Асылбекұлы

Казахстан в XXI веке