Жаңа технологиялардың тиімділігі

Еліміз көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылу үшін келешек ұрпағымызға жан-жақты, терең мазмұнды білім беруіміз керек. Осыны әр ұстаз жадында ұстап, түрлі оқыту технологияларды қолдана отырып оқытса, шәкірттеріміз ел мақтанышына айналатын, қандай да болмасын мамандықтың шебері болуы хақ. Жеке тұлғаға бағытталған технологиялар шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, білім сапасын жақсартады, ой-өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілетін өсіреді. Ендеше әрбір жаңа педогогикалық технология оқушының жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Жаңа технология түрлерін сабақта пайдалану, оқушының шығармашылық қабілетінің дамуына, ақыл-ойының толысуына әкеледі. Жаңа педогогикалық технологияның түрлері өте көп.

Авторы: Омарова Куралай Аманжоловна, Куспеков Канат Маратович

Журнал «Педагогический мир Казахстана». Выпуск №12(24)