Кәсіби білім беру жүйесінде тұлғаның өзіндік белсенді оқу әрекеті

Студенттің өз бетімен білімін жетілдіру - өзекті мәселелердің бірі. Яғни ұстаздың ең басты міндеті - болашақ маманды өз бетінше білім алуға үйрету, дамыту, жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыру. Жоғары оқу орындарында өз мамандығын терең меңгерген мамандарды даярлауда, студентке үздіксіз білім бере отырып, өздік жұмыспен айналысқаны үлкен роль атқарады. Алайда, өз бетімен білім алу, білімін жетілдіру әр түрлі факторға тәуелді. Біріншіден, ол студенттің сол пәнге деген қызығушылығынан басталады, танымдық қажеттілікті, тұрақты ерік-жігерді, жинақылық пен белсенділікті және жоғары саналықты қажет етеді

Автор: Баткеев Бакытбек Тлеубаевич

Журнал «Педагогический мир Казахстана». Выпуск №2(26)