Саралау - тұлғаға бағытталған оқытуды ұйымдастырудың тиімді тәсілдері

Білім берудегі саралау тәсілдері– білім алушылардың әртүрлі өзіндік ерекшеліктерін, бейімділіктерін ескеру арқылы жүргізілетін мұғалімнің оқушылар тобымен қарым-қатынасы. Саралаудың тиімділігі: барлық балаларға біркелкі бағалау мен орта деңгейде ғана оқытуды болдырмау; оқуға мүмкіндіктері жоғары оқушылардың оқуға деген ынтасын көтеру; білім алуды оңайлату үшін және оқу материалын жақсы игеру үшін қабілеттеріне қарай оқушыларды топтарға біріктіру; үәжі төмен оқушыларға тиімді жағдай жасау. Жеке тұлғаға бағытталу – индивидтің (жеке адамның) өзіндік жеке қаситеттерін дамытуға және өзіндік дамуға бағытталған педагогикалық үрдістің ерекше түрі.

Автор: Белиспаева Жулдыз Кураловна

Журнал «Просвещение». Выпуск №2(34)