ХІХ-ХХ ғасырлардағы Ертіс-Баян өңірінің әнші жырауларының музыка педагогикасындағы алатын орны

Мақалада Ертіс-Баян өңірінен шыққан әнші-жыраулардың музыка педагогикасына сіңірген еңбегі талқыланады. 19-20 ғасырларда қазақ музыкатануының өрісін кеңейтуге үлес қосып, халық арасында әншілік орындаушылық, сазгерлік қабілетімен педагогы ретінде танылған Жаяу Мұса, Естай Беркімбайұлы, Майра, Иса Байзқов, Бісміллә Балабеков сынды тұлғалардың өмір жолы мен еңбектері негіз ретінде алынды. Аталған тұлғалардың ән-күй өнерін дәріптеудегі стилі, жаңашылдығы, Ертіс өңіріндегі музыкатану іліміне әкелген жаңалықтары синхрондық және диахрондық әдістер тұрғысынан зерттелді.

Автор: Әсетқызы Мөлдір

Журнал «Просвещение». Выпуск №3(35)