География пәнін өтуде жаңа оқыту технологияларының маңызы

Оқу процесінде қолданылатын ең тиімді технологиялардың бірі - оқу жүйесі арқылы іске асатын педагогикалық технологиялар болып табылады. Бұл жағдайда оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақ өзгереді. Оның өзгеруі мектептің білім беру тұжырымдамасымен байланысты. Қазіргі сабақтардың ерекшеліктері бірлесе жұмыс істеу атмосферасы, оқушылармен қарым-қатынасындағы өзгеріс, оларды оқуға, ұстаз еңбегіне араластыру. Сондықтан да ұстаз сабақ барысында күшін оқушылардың танымдық әрекетін өздігінен ұйымдастыруды үйретуге жұмсайды. Егер де сабақты шығармашылық бағытта өткізсе, сабақ біркелкі, күнделікті, жалықтыратындай болмайды.

Автор: Ибитаев Бахытбек Байкенович

Журнал «Просвещение». Выпуск №3(35)