Оқытушының кәсіби құзіреттілігін, педагогикалық шеберлігін дамыту

Жаңа тұрпатты педагог білім парадигмасының «өмір бойы білім алу», «оқытушы ↔ оқулық ↔ компьютер ↔ білім алушы» болып өзгеруіне байланысты ең алдымен ақпараттық құзыреттілікке ие болуы тиіс. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінінң қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни, жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты оқытушыны қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «білім алушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Авторы: Зиноллаева Анар Қанжарбайқызы, Зиноллаева Аяжан

Журнал «Просвещение». Выпуск №3(35)