Білім алушының ғылымға икемділігін анықтаудағы математиканың ролі

Өздігінен оқуға және болашақ таңдаған мамандығы бойынша білімін жалғастыруға қажетті іс-әрекеттерде математикалық әдістерді қолданудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру қажеттігі туындап отыр. Оқу бағдарламасында оқушылар көбіне стандарттық алгоритмдермен танысады, стандарт есептер негізінде білім, білік дағдыларды меңгереді. Ал сол есептерді стандарт емес мәтінде берсе көп жағдайда алған білімдерін қолдана алмайды, себебі оқушылар есептерді шығаруда стандарт емес тәсілдерді қолдануға дағдыланбаған. Сондықтан мектеп бағдарламасына сәйкес стандарт емес есептерді жиі пайдалану қажеттігі туындайды. Өмірден алынған стандарт емес есептерге оқушыларды мақсатты түрде бағыттау қажет, яғни стандарт емес ойлауға үйрету.

Автор: Калмекеева Бакыткул Жетписбаевна

Современные инновации в образовании - 2020