Абай Құнанбаевтың музыкалық мұрасы

Аннотация Абайдың ақындық әлеміне көз жіберіп, сол арқылы қазақ өлеңінің өсу-өркендеу эволюциясын пайымдау, бүгінгі қазақ поэзиясының көркемдік биігін саралап беру арқылы, абайтану саласының қазыналы қорын байыта түсті. Абай поэзиясы - өз заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкейкесті, ең күрделі және маңызды мәселелерін қозғаған, толғаған поэзия екендігі даусыз. Оның өлеңдерінде қазақ өмірінің көркемдеп бейнеленген телегей теңіз шындығы бар. Алайда ақынның осы шындықты айтуда әсіре қызылдыққа бармаған, керекті-керексіз жерінде сөздерді боямалап, әшекейлемегендіктен оның шығармалары адамды баурап алар тартымдылыққа ие. Абай шығармалары қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында өзінше бөлек, өрісі аса биік, мүлде жаңа ой-пікір, көркем сезім әлемін ашқандығы да сондықтан деп ойлаймын.

Автор: Касенова Диана Сабыржанқызы

Журнал «Просвещение». Выпуск №5(37)