Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін

Абай – қазақтың бар жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер. Абай ілімі, Абай табиғаты, Абай үні-мүлдем ерекше. Бабамыздың: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» немесе «Бірінді қазақ бірің дос» деген қасиетті де, құдіретті сөздері қай заман, қай қоғамда болмасын барша адамзат баласының ортақ тағылымы іспеттес. Абай – әлемдік ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға. Абайдың әр сөзі - біз үшін өміріміздің өрнегі, тіршілігіміздің тынысы. Абайдың әрбір сөзі даналыққа толы. Кез келген адам Абайдың өлеңі мен нақыл сөздерін оқығанда «Шіркін, мен де сондай болсам ғой!»- деп армандайтыны шындық.

Авторы: Диханбаева Лаззат Токтасыновна, Жетимекова Жанар Ермековна

Журнал «Педагогический мир Казахстана». Выпуск №1(42)