Практикаға бағдарланған тапсырмалар арқылы математика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Білім беру стандартында көрсетілгендей білім беру саласының мазмұны математиканы оқыту кезінде орта білім беру деңгейлеріндегі сабақтастықты, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды; функционалдық сауаттылықты, логикалық, алгоритмдік және операциялық ойлауды, кеңістікті елестетуді, математиканың түрлі тілдерін (сөздік, символдық, талдамалық, графикалық) пайдалану қабілеттерін, әртүрлі нысанда берілген ақпаратты қабылдау және сын тұрғысынан талдауды дамытуды қамтамасыз етеді. Көптеген тәжірибелер көрсеткендей функционалды сауаттылықты дамытудың тиімді тәсілдерінің бірі практикаға бағдарланған тапсырмалар болып табылады. Бұдан басқа, практикаға бағдарланған мазмұнды тапсырмаларды орындау оқушының математиканы оқып-білуге қызығушылығын қалыптастырады. Мұндай тапсырмалар сабақ мазмұнын дәстүрден тыс құруға септігін тигізеді де, олар білім мен білікке негізделген және жинақтаған білімді практикада қолдана білуді талап етеді.

Автор: Сейтқазы Зухра Махмұдқызы

Журнал «Педагогический мир Казахстана». Выпуск №17(41)