Отбасылық құндылықтарды сақтау - ел іргетасының негізі

Саналы ұрпақ тәрбиесі үшін ең алғашқы мектептің кірпіші отбасында қаланатыны анық. Қазақ халқы ежелгі дәуірден бала үшін оның отбасының, әке мен шешенің, ата мен әженің өнегесі қаншалықты маңызды һәм керектігін түрлі үлгілерде айшықтап көрсетіп келеді. "Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер", "Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілесің", "Қасқырды қанша бақсаң да, орманға қарап ұлиды" деген аталы сөздерді т.б. іспеттес мәтелдермен легін жалғастырып әкетуге де болады. Адамды тәрбиелейтін екі үлкен мектептің бірі отбасы болса, екіншісі - қоғам. Жанұяда адамшылықтың асыл қасиеттерін бойына сіңіріп, ақ пен қараны, дұрыс пен бұрысты оң мен сол қолын ажыратқандай оңай саралай білсе, ондай тұлғаны қоғамның небір кесапаты тұсауына ала қоймасы анық. "Үй мектебінде" үздік тәрбие жолында жүрген адамды көше тәрбиесі оңай елітіп әкетуі мүмкін емес. Әрбір бала тәрбиелеуші ата-ана үшін ұрпағының жақсы қасиеттерді неғұрлым бойына сіңдіре, мақтаулы азамат боп өсуі - ең зор жетістік есебінде.

Автор: Дәметбекова Нәзерке Сайлаубекқызы

Журнал «Педагогический мир Казахстана». Выпуск №6(47)