Мәтіндік есептерді шығаруды оқыту бойынша педогогикалық эксперимент

6,9 сыныптардың алгебра курсы бағдарламаларында теңдеу, теңсіздік, теңдеулер жүйелерін құру арқылы шығарылатын мәтінді есептерді оқып-үйрену жүзеге асырылады. Фабуласы бойынша бұл есептер дененің бірқалыпты қозғалысына, бірлескен жұмысқа, дененің массасын анықтауға, аудандарды есептеуге, құндық қатынасқа және т.б. арналған. Алгебра курсындағы мәтінді есептер – математикалық мәліметтерді, қандай бір ақпаратты қамтитын математикалық есептер. Зерттеу нәтижелері осы сынып оқушыларының есептер және оларды шығару тәсілдері бойынша белгілі бір білімдері бар екендігін көрсеткенімен олардың мәтінді және стандартты емес есептерді шығару біліктерінің жеткілікті емес екендігін көрсетті. Осының нәтижесінде педагогикалық эксперимент ұйымдастырылды.

Авторы: Ибатова Айнагүл Сисенбайқызы, Кульжумиева Айман Амангельдиевна

Журнал «Педагогический мир Казахстана». Выпуск №11(52)