Биология сабағында ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану

Ушинский: «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа салып құям десе де мұғалімнің қолында» дегені әр ұстазға қойылар үлкен сын деп ұғамын, ал ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру оң ықпалын беріп отыр. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – заман талабына сай ақпаратты технологияларды қолдану. Жаңа оқыту технологиясы – алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы.Бүгінгі күні оқытуды ақпараттану үрдісіне ерекше көңіл бөлінуде. Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпаратандыру үрдісінің бағыты болып табылады . Заман талабына сай қазіргі уақытта сабақ үрдісіне «оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын» пайдалана отырып, жаңаша мазмұнда сабақ жүргізуді бастап, жалғасын күнделікті өмірден көрудеміз. Ақпараттық технологиялардың бірі — интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары.

Автор: Турлыбекова Шолпан Кенесовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №2(10)