Студенттердің химиядан өздік жұмыстарын сандық технология арқылы ұйымдастыру мүмкіндіктері

Мақалада сандық технологияларды, оның ішінде химияны оқыту процесінде білім беру ресурстарын қолдану және студенттердің өздік жұмыстарын орындау тиімділігінің дәлелдері келтірілген. Шетелдік және отандық ғалымдар бейне, аудиоматериалдарды, мультимедиялық технологияларды, виртуалды зертханалар мен электрондық оқу құралдарын қолдану әдістері мен тәсілдерін жиі зерттеп келеді. Жаппай ашық қашықтықтан оқыту курстарының пайда болуы оқытудың ашықтығы, оқу процесіне қатысушылардың теңдігі, білім беру жүйелерін интернационалдандыру және білім беру кеңістігін жаһандандырудың заманауи қағидаттарын іске асыруға негізделген. Химияны оқытудағы цифрландыру процесі оқу процесіне тікелей инновациялық тәсілдерді енгізуге бағытталған жалпы заманауи білім беру парадигмасына сәйкес келеді.

Автор: Кенжебаева Жансая Бақтыбайқызы

Журнал «Педагогический мир Казахстана». Выпуск 22 (63) (ноябрь 2021 г.)