Кохлеарлы импланты бар кіші мектеп жасындағы балалардың коммуникативтік дағдыларын жеке сабақтарда дамыту

Мақала кохлеарлы импланты бар кіші мектеп жасындағы балаларды оңалту мәселесіне арналған. Кохлеарлы имплантациядан кейін балалардың толыққанды әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ететін әсер ету құралдарын іздеу түзету педагогикасының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Автор өз жұмысында осы саладағы көптеген зерттеушілердің кохлеарлы импланты бар балаларда есту қабілетін қалыптастыру, тілдік ұқсас дыбыстарды ажырату және коммуникацияға сәйкес әрекет ету қабілеті үлкен қиындықтар туғызады деген идеядан туындады. Мақалада кохлеарлық импланты бар кіші мектеп жасындағы балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытудың маңызды элементтерінің бірі ретінде диалогтық сөйлеуді қалыптастыру мәселелері қарастырылған. ШҚО ББ «Ақ ниет» мектеп-интернатының базасында автордың жүргізіп жатқан түзете-дамыту жұмыстары сипатталған.

Автор: Аңсағанова Айым Болатқанқызы

Журнал «Педагогический мир Казахстана». Выпуск 24 (65) (декабрь 2021 г.)