Шығармашылық дамудың құралы ретіндегі проблемалық оқытудың мүмкіндіктері

Бұл мақалада жоғарғы оқу орнында әскери дайындық барысында білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытудың перспективалық бағыттарының бірі ретінде проблемалық оқыту қарастырылады. Мұндағы оқытудың проблемалық тәсілі білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға, сондай-ақ олардың жаңа білімді өз бетінше іздеу қабілеттерін дамытуға ықпал ететіндігіне баса назар аударылады. Жоғарғы оқу орнындағы әскери дайындықтағы проблемалық оқытудың мәні проблемалық мәселені анықтау немесе проблемалық жағдайды модельдеу, сондай-ақ білім алушылардың одан шығудың оңтайлы шешімін табу қабілетін қалыптастыру болып табылады. Мақалада жаңа сабақты түсіндіру барысында кіріспе сұрақтарды ұйымдастырудың дәстүрлі оқыту мен проблемалық оқыту барысындағы айырмашылықтар көрсетілді. Зерттеу нәтижесінде проблемалық оқытуды негізге ала отырып, сабақтарды өткізу білім алушыларды өз білімдерінің жеткіліксіздігін түсінуге икемдейді, сол арқылы оларды жаңа білімді іздеуге белсендіреді және дербес шығармашылық ойлауды дамытуға итермелейді деген қорытынды жасалды.

Автор: Орынбаев Даулетхан Сабырханович

Журнал «Просвещение». Выпуск №4(60) (апрель 2022 г.)