Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру үдерісіндегі сабақтастық әлеуметтік ортаға оңтайлы бейімделу факторы ретінде

Білім берудің әр түрлі деңгейлері арасындағы сабақтастық мәселесі әрқашан өзекті болды және қазіргі уақытта да солай болып қала береді, өйткені білім берудің әр деңгейіндегі балалардың алған білімі, дағдыларына қойылатын талаптардың айырмашылығы маңызды. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру үдерісіндегі сабақтастық білім сапасына қол жеткізудің табысты шешімі болып табылады. Мақала мектепке дейінгі және бастауыш білім беру үдерісіндегі сабақтастықты талдауға арналған. Автор сабақтастықты, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастық құрылымды, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру үдерісіндегі сабақтастықты әлеуметтік ортаға оңтайлы бейімделу факторы ретінде қарастырған. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастық бойынша жұмыстың тиімділігіне қол жеткізу үшін белгілі шарттар көрсетілген.

Авторы: Каппарова Адина Ханатовна, Шнайдер Джанат Жантемирович

Журнал «Просвещение». Выпуск №5(61) (май 2022 г.)