Геометриялық пішіндер әлемі

Оқу қызметінің мақсаты: Балалардың ұғымындағы геометриялық пішіндер туралы түсініктерін тиянақтау; дөңгелек, шаршы және үшбұрыш пішіндерінің қасиеттерін пысықтау; «көп», «біреу», «оң жақ», «сол жақ», «бір-бірден» сияқты түсініктерін тиянақтау. Балаларды геометриялық пішіндердің қасиеттерін түстеріне қарамай ажыратуға жаттықтыру; еске сақтау, сол жақ пен оң жақты бағдарлау қабілетін жетілдіру, заттардың санын «бір» және «көп» түсініктері арқылы ажырату мүмкіндіктерін жетілдіру; қолдың ұсақ моторикасын, елестету, ойлау қабілетін дамыту. Балалардың қоршаған объектілерді бақылау, зерттеу дағдыларын дамыту.

Автор: Кабыкенова Алуа Тлеужановна

Журнал «Педагогический мир Казахстана». Выпуск 20 (85) (октябрь 2022 г.)