Мектеп оқушыларының көру қабілеттілігін зерттеудің әдістемесі

Көру анализаторы - адамның маңызды сезім мүшелерінің бірі. Адам- қоршаған әлемнен ақпараттың шамамен 90% - ын көру анализаторы арқылы алады. Көздің арқасында адам заттардың түс гаммаларын, олардың пішінін, кескін – бейнесін айқын ажыратуға мүмкіндік алады. Көрудің басты бірегейлігі - бұл объектіні, оның кеңістіктегі орнын анықтауға, қозғалыстарды бақылауға, қоршаған ортаны бағалауға мүмкіндік береді. Көру адамға кеңістікті бағдарлап, сауаттылықты игеруге, ғылым мен өнерді білуге, түрлі операцияларды жасауға мүмкіндік береді.

Авторы: Отынбаева Мәдина Қайратқызы, Абдишева Зухра Валиевна

Журнал «Просвещение». Выпуск №2(70) (февраль 2023 г.)