Бастауыш сынып оқушыларына оқу үдерісінде көрнекілік әдісін қолдану

Ұсынылған мақалада бастауыш сынып оқушыларына оқу үдерісінде көрнекілік әдісін қолдану талданады. Мақалада көрнекілік әдісінің оқу үдерісіндегі маңызы мен қатар оны зерттеген, білімімен бұлақ көзін ашып, білігімен шәкірт тәрбиелеген ғалымдардың ойлары жан-жақты сараланады. Бастауыш сыныптардағы көрнекілік әдісін қолданудың оқу үдерісіндегі рөлі анықталып, мектептегі көрнекіліктің негізгі сипаты мен қызметі баяндалады. Есімі педагогика тарихында алтын әріптермен жазылған ғалымдардың ұлағатты сөздері мақалаға арқау болмақ. Зерттеу барысында Т.Жұрынова, С.Қалиев, Ғ.Мыңбаева, К.Тәшібаевтардың еңбектері таңдап алынды.

Автор: Оразбаева Лариса Кеңесқызы

Журнал «Просвещение». Выпуск №4(72) (апрель 2023 г.)