С 10 июня 2025 года РИМЦ Просвещение прекратил свою деятельность.

Қазақ тілі сабақтарында диалог, монолог түрінде студенттердің тілдерін дамыту

Студенттердің тілін дамыту белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді жұмыстар мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса, оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері студенттердің ауызша сөйлеу дағдысын дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі. Колледжде студенттердің ауызша сөйлеу дағдысын I курстан бастап қалыптастырса, онда білім алушы келешекте қоғамдық-әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада жүйелі, шебер сөйлеуге дағдыланады.

Автор: Тулубаева Сауле Калкеновна

Журнал «Просвещение». Выпуск №9(77) (сентябрь 2023 г.)