«Lesson Study» - бірлескен педагогикалық тәсіл

Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл -Lesson Study. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study -дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study , таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Біз өз мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыратын 3-4 мұғалімнен тұратын 6 топ құрдық.

Автор: Хасанова Салтанат Мырзабулановна

Журнал «Просвещение». Выпуск №5(13)