Мобильді қосымша құрудың артықшылықтары

Мобильді web сайт деп мобильді құрылғыда қарауға және қызмет етуге бейімделген арнайы сайт есептелінеді. Сайт өзіне JavaScript, HTML5, жаңа API браузерлерді қолдана отырып, интерактивті элементерді қамти алады. Бұл жағдайда мұндай жүзеге асыруды web-қосымша деп атайды, яғни мобильді құрылғы браузерінің ішінде жұмыс істейтін нұсқаны web-сайт деп атаймыз. Нативті (native) дайындаманы Android, IOS, Win Phone және т.б. операциялық жүйелерінің "туғаны" деп атауға болады. Мұндай мобильді қосымшалар қосымша дүкендері (App Store, Google Play және т.б.) арқылы жүктеледі және осы дүкендердің талаптарына сәйкес болады.

Автор: Маутказиева Мадина Абдыбекқызы

Журнал «Просвещение». Выпуск №5(13)