Сөз тіркесі. Синтаксис бойынша өткенді қайталау

Сабақтың нәтижесінде балалар тілдерін дамытуға, өз ойларын айта білуге, өз деңгейіне қарап дұрыс сұрақ құрап, соған жауап беруге үйренеді, өзінің және өзгенің білімін бағалауды, жеке, жұппен және топпен жұмыс жасай білуге, өз туған жерін құрметтеуге тәрбиелейді, рефлексия жасап үйренеді. Сабақтың барысында тақырыпты есте сақтау үшін «Қар кесегі», «Ментальді карта», «Ішкі және сыртқы шеңбер »әдістерін, «Семантикалық картамен жұмыс», интерактивті тақтамен жұмыстар жүргізілді. Сабақ барысында оқушылар өздері жұмыс жасайды, мұғалім тек қана нұсқаушы қызметін атқарады. Балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту үшін «Ішкі және сыртқы шеңбер »әдісінен бастадым.Үйге тапсырма оқушылардың уақытын дұрыс пайдалануға негіздеп, өтілген тақырып бойынша 10 тест сұрағын құрастырып келу тапсырылды.Мұғалім бағалауды топ басшылардың бағалауын негізге ала отырып,бағалайды.

Автор: Жаирбаева Айгерим Канатовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №5(13)