Арнайы пәнді оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері
Білім беру саласында жасалынған болжамдар бірден-бір маңызды және аталған проблеманы жетілдіруде шешуші болып табылатын оқу үдерісін біртұтас және сапалы қамтамасыз ететін, оқытудың оқу-әдістемелік кешенін түзуді алдыңғы қатарға ұсынып отыр.
Бұл бағытта бір қатар шетел ғалымдары, отандастарымыз, әдіскерлер және алдыңғы қатарлы озық педогогикалық қызметкерлер жұмыс жасауда. Оқытуды оқу-әдістемелік тұрғыдан кешенді қамтамасыз ету мәселесі негізінен әлеуметтік-экономикалық,техника-технологиялық,психологиялық, дидактикалық, эстетикалық тұрғыдан шешімін табуы керек. Осы тұрғыдан қарағанда оқыту үдерісінің біртұтастығын қамтамасыз ететін, әдістемелік қызмет атқаратын құжаттар мазмұнын анықтау қолға алынуы керек.
Авторы: Альчимбаев Ерлан Есималиулы, Батырбек Роза Жаксылыккызы
Журнал «Просвещение». Выпуск №3(83) (март 2024 г.)