Тарих сабақтарында сын тұрғысынан ойлау және зерттеу,есте сақтау дағдыларын дамыту үшін графикалық органайзерлерді пайдаланудың тиімділігі

Графикалық органайзерлерді (тірек-сызбаларды) пайдалану арқылы оқыту В.Ф. Шаталовтың технологиясына негізделіп жасалған оқытудың интенсивтендіру технологиясы болып табылады.Бүгінгі таңда мектеп мұғалімінің алдында тұрған жауапкершілігі мол міндеттердің бірі — оқушыға тиянақты білім беру.Жұмыстың нәтижелі болуы кез келген мұғалімнің таңдап алған әдісті үздіксіз, үнемі, жүйелі қолдануына және оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейін ескеріп отыруына байланысты. Сонымен қатар оқушыны оқу жұмысына белсене қатыстырып, оған белгілі бағыт-бағдар беріп, қадағалап, жұмысын бағалап отыру — жақсы нәтиженің негізі.Графикалық органайзерлер (тірек-сызбалар) – сабақ үрдісін ұтымды ұйымдастыруға көмектеседі, тақырып бойынша танымы кеңейеді, топпен және жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді

Автор: Алибекова Тарбия Кантургановна

Образование в Казахстане: традиции, опыт, инновации