«Балабақшадағы «Рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» балабақшадан бастау алады. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында атқарылып жатқан барлық іс-шара қоғамның дамуына өз үлесін қосуда. Мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілері де өз үндерін қосып, белсенділік танытуда. – Рухани жаңғыру біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда, балабақшада көптеген жұмыстар жүргізіліп, балалардың сапалы білім алуына, мамандардың жаңа технологияларды білім беру жүйесінде қолданып, болашақта бағдарлы жұмыстар жүргізілетінін айта келе, ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз бізге дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт бағдар берді. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.Елбасы «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу» деп орынды атап көрсеткені белгілі.

Автор: Рахманова Айгерим Сайлауовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №10(18)