Балабақшада үш тілді қолдана отырып балалардың білімдерін дамыту

Н.Ә Назарбаев «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»деген болатын. Осы қағиданы басшылыққа алып, ұстаздарымыз үш тілді еркін меңгерген, өз білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын ұрпақ тәрбиелеуге кірісіп те кетті. Қазіргі ақпараттық технологияларының дамыған заманында үш тілді меңгеру қиындық тудырмайды. Балалар ағылшын тілін тек қана сабақ барысында емес, ғаламтордың көмегімен де еркін меңгеріп жүр. Көп тілді үйрету арқылы біз болашақта көкірегі ояу, көзі ашық, әлемдік мәдениетке көзқарасы қалыптасқан азамат тәрбиелейміз деген ойдамын.

Автор: Бокенова Жансулу Болатовна

Журнал «Просвещение». Выпуск №11(19)