«Климаттық қобдишаның» сабақтарда қолдану аясы туралы

Бұл мақаланың негізгі жаңалығы – дүние жүзінде болып жатқан ғаламдық өзгеріс, соның ішінде климаттың өзгерісінен туындап отырған ғаламдық проблемалар мен оның туындау жолдарын көрсете отырып, осы проблеманың үрдісін азайту үшін, жас ұрпақ қандай үлес қосатынын насихаттайтын «Климаттық қобдиша» оқу –әдістемелік құралының маңызын түсіндіру, сабақ барысында қолдану жолдарын ұсыну, пәндерді кіріктіру мүмкіндігін сипаттау. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде және Республика мектептерінде кіріктірілген білім бағдарламаларымен сабақ өткізіледі. Осы сабақ барысында «Климаттық қобдишаны» қолданып, сондағы ақпараттар негізінде пәндер жүргізілсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Бұл оқу-әдістемелік құрал - ғаламтор жүйесі жоқ немесе нашар жұмыс жасайтын аймақтар үшін таптырмас көмекші құрал. Мақалада осы құрал туралы айтылған және қосымша бір сабақтың үлгісі ұсынылған.

Авторы: Нургалиева Гульжан Абеновна, Смагулова Маржан Толеугазиновна

Образование в XXI веке: мировой опыт и перспективы развития - 4 (2019 г.)